12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙЛАРДА» ҚАЖЕТТІ ҚЫЗМЕТТЕР ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Astana Hub алаңында «Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы» (МО ИРБП) жобасының DEMO DAY іс-шарасы өтті. Жобаны жұртшылық арасында насихаттау мақсатындағы бұл шарада платформаның «Өмірлік жағдайлар» блогына ерекше назар аударылды. Ол азаматтарға нақты өмірлік жағдайларда қажетті қызметтерді, рәсімдерді және әрекеттерді түсінуге көмектеседі. DEMO DAY барысында қатысушылар бұл жобаның мемлекет пен азаматтар арасындағы ашықтықты, цифрлық қолжетімділікті және коммуникация тиімділігін арттырудағы маңызды құралға айналғанын атап өтті.

GOV.KZ порталындағы «Өмірлік жағдайлар» – бұл жай ғана жаңа функционал емес, мемлекет пен азамат арасындағы цифрлық өзара іс-қимылдың сапасын арттыруға бағытталған жүйелі қадам. Қазіргі таңда платформада «Жеке куəлікті жоғалту», «ЖОО-ға түсу», «Басқа өңірге көшу», «Бала туғанда берілетін жəрдемақы» жəне т.б. тақырыптарды қамтитын 169 материал жарияланған. Платформаның мүмкіндіктері туралы азаматтардың кеңінен хабардар болуы үшін ауқымды ақпараттық науқан іске қосылды. Бұл бағыттағы жұмыстармен қатар, платформаны дамыту жалғасуда. Бүгінде МО ИРБП базасында 3546 мемлекеттік органның интернет-ресурсы жұмыс істейді, ал жалпы құрылған сайттардың саны 4000-нан асты. 2024 жылдан бері платформаға келушілердің жалпы саны 66 миллионнан асты, оның 86 пайыздан астамы қазақстандық пайдаланушылар. Ең танымал сайттар – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Цифрлық даму министрлігі, Қорғаныс министрлігі жəне Астана қаласы əкімдігінің ресурстары. Қаралымдардың 60 пайыздан астамы мобильді құрылғылар арқылы жасалуда, бұл интерфейстердің ыңғайлылығы мен бейімділігін көрсетеді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мəліметі бойынша, 2024 жылы жоба отандық QazTech технологиялық платформасына көшіріліп, негізгі сервистерді дамыту жұмыстары жалғасты. Атап айтқанда: Qoldau.gov.kz тақырыптық сайты іске қосылды. Төтенше жағдайлар кезінде халықты хабардар етуге арналған мəтіндік трансляция сервисі, ЖСН бойынша əлеуметтік көмек тексеру модулі, еріктілерге арналған функциясы бар ашық сыбайлас жемқорлыққа қарсы портал жəне «E-қызмет» жүйесімен біріктірілген бос жұмыс орындарын жариялау модулі іске қосылды. Бұдан бөлек, барлық мемлекеттік органдарға қоғамдық кеңестер мен есептілік туралы ақпаратты жариялауға арналған бірыңғай модульдер ұсынылды. Платформа халықаралық деңгейде дамуда – шетелдік пайдаланушылар үшін бейімделіп, Тəжікстан басшылығына Одақтастық декларациясы аясында таныстырылды. Бүгінде платформа базасында сайт құру 15 минуттан аспайды жəне əзірлеушілердің қатысуын қажет етпейді. Контентті басқарудың икемді жүйесі арқылы мемлекеттік органдар өз бетінше өзгерістер енгізіп, сайтты өзекті ақпаратпен толтыра алады. Жыл соңына дейін платформаның функционалын кеңейту, контентті автоматты түрде мониторингтеу жүйесін енгізу, мемлекеттік органдар мен əкімдіктердің сұраныстары бойынша жаңа модульдер əзірлеу жоспарлануда. Сонымен қатар, «Өмірлік жағдайлар» бөлімін барлық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына кіріктіру жұмыстары жүргізілуде.

Қ.ЕРМЕКОВА, «Заң газеті»

Психиатрическая экспертиза против воли

Шокирующий случай произошел на прошлой неделе в Алматы. Мужчину...

Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие...

Алматы қаласында Еріктілер кеңесінің мүшелері марапатталды

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің...

Мемлекеттік қызметшінің әдебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 жарлығымен...

Руслан Қошқарбаев: «Туризм – Қазақстанды әлемге танытатын ұлттық бренд болуы тиіс»

Руслан Қалдыбайұлы Қошқарбаев, халықаралық гид-нұсқаушы, виза сарапшысы, кәсіпкер – Руслан...