12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Өмірге — «Иә», ал есірткіге «Жоқ» деп айт!»

Жас дос!
Жат қылықтан аулақ бол! Жалғанды жалпағынан басып жүремін деп ойлама! «Жақсы атқа бір қамшы, Жаман атқа мың қамшы» деген. Жаны ашыған адам ғана сені жақсылыққа шақырады. Жаһанды жаулаған есірткі туралы айтып та, жазып та жатыр. Жолай көрме! Жаныңды ғана емес, тәніңді де жаралайды.
Жата берме! Жинал! Жүгір! Жаныңа спортты серік ет. Жағдайымды жатып алып, оңай олжамен жақсартам деген ойдан аулақ бол! Жөні белгісіз заттың зияны көп. Жүйкеңе әсер етіп, жаныңды азапқа салады. Жағдайын күрт нашарлайды. Жарық дүниемен жастайынан қоштасып жатқандар бар. Жақсы дүние болса ешкім қолыңнан алмас еді. Жарқын болашағыңды ойла!
Желіге кіргенде сақ бол! Жасырын есірткі сатушылар сені алдап соғуы мүмкін. Жерде жатқан ақша жоқ. Жарылқаймын деп жабығып жүрме. Жақындарыңның жүрегін ауыртпауды да ойла. Жадыңнан шығармауың керек нәрсе, өз өміріңнің иесі өзің. Жығылсаң, қайта тұр! Жақсы өмірден жалықтым деме. Жалғыз қалып жабықтым деме. Жаныңда жүрген әрбір жақсы адамның қадірін біл.
Жақсылықтың бәрі еңселі еңбектің нәтижесі. Жетістіктіктің де артында қанша күнгі маңдай тер тұр.
Жас дос!
Жолың ашық болсын!
Жамандыққа жолама!
Жақсы істермен жолығайық!

Алмат Әбілтаев,
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің 4-курс студенті, Қызылорда қаласы

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...

НА ПРИНЦИПАХ ТРАНСПАРЕНТНОСТИ И ИНКЛЮЗИВНОСТИ

Деятельность Комиссии по конституционной реформе демонстрирует системный и научно...