Өмір жолы – өнеге

Елеуов Талғат Кусниұлы – құқық саласына өмірін арнаған, кәсіби білімі мен мол тәжірибесін сот төрелігінің дамуына бағыттаған парасатты тұлға. Биыл өзінің 60 жылдық мерейтойын атап өтетін судьяның тағылымды өмір жолы адалдықтың, жауапкершіліктің және табандылықтың айқын үлгісі.

Талғат Елеуов 1965 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген. Орта білім алғаннан кейін құқық саласына қызығушылық танытып, таңдаған бағытына адалдықпен қадам басты. 1983-1990 жылдары ол Қарағанды мемлекеттік университетінде оқып, «юриспруденция» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Отан алдындағы борышын да абыроймен өтеп келіп, жоғары оқу орнын аяқтаған соң, Талғат Кусниұлы кәсіби қызметін прокуратура органдарында бастады. 1990-1991 жылдары  Қарағанды облысы Теміртау қаласының прокуратурасында стажер, одан кейін Ленин ауданының прокуратурасында тергеуші, сол ауданның прокуратурасының аға тергеушісі қызметін атқарды. Прокуратурадағы жұмысы оның өз ісіне жауакершілікпен қарайтынын, құқық қорғау саласының талаптарына толық сай келетін білікті маман екенін көрсетті.

Ал 1995-2004 жылдар аралығында Қарағанды облыстық адвокаттар алқасында адвокат болып жұмыс істеді. Бұл кезең оның құқықтық ой-өрісін кеңейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы шеберлігін шыңдады. Уақыт өте келе кәсіби тәжірибе, әділдікке деген ұмтылыс оны сот жүйесіне алып келді. 2014-2020 жылдары Теміртау қалалық сотының судьясы, 2020 жылдан бүгінге дейін Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып тындырымды еңбек етті.

Осылайша, әріптесіміз прокуратурадан бастап адвокаттық, мемлекеттік қызмет, сот жүйесіне дейін – құқық саласының әр кезеңін өткеріп, бай тәжірибе жинады. Судья Талғат Елеуов өз жұмысына жауапкершілікпен қарайтын, кез келген істі заң талабына сай шешетін, сот әдебін қатаң ұстанатын әділ тұлға ретінде әріптестері мен азаматтардың құрметіне ие.

60 жас – мол тәжірибенің, кемел ойдың, толысқан парасаттың кезеңі. Талғат Елеуовтің кәсіби әрі өмірлік жолы – адалдық пен еңбексүйгіштіктің жарқын үлгісі. Осы мерейлі жаста әріптесімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы, кәсіби қызметте – табыс пен жаңа белестер, әділдік пен абырой тілейміз! Сіз секілді тәжірибелі, әділ, адал судья – елге сыйлы. Қызмет жолыңыз әрдайым абырой мен биік беделге тола берсін!

Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұжымы

Концепция «Таза Қазақстан» в действии 

В Министерстве экологии и природных ресурсов РК подвели итоги...

Инвестиции в проекты

Трансформация промышленности Казахстана связана с мощным инвестиционным потоком и...

Опережая добывающий сектор

Развитие обрабатывающей промышленности в Казахстане в текущей экономической повестке...

АКАДЕМИЯ БАСТЫҒЫ КУРСАНТТАРМЕН БІРГЕ БАРЫП, КӨП БАЛАЛАЛЫ АНАҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨРСЕТТІ

Биылғы жаңа жыл қарсаңында ІІМ Алматы академиясының бастығы Қалижан...

Штормовые дни для сторон конфликта

«Военная операция против Ирана окончится через несколько недель» –...