12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Өңірлік кадр резерві – өңірлік басқару сапасын арттыру тетігі

Өңірлік кадр резерві – өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын сапалы басқарумен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды кадрлық жоба. Бұл бастама аймақтық деңгейде кәсіби, бастамашыл және жоғары әлеуетке ие азаматтарды анықтап, оларды басшылық лауазымдарға даярлау мен ілгерілетуге негізделген жүйелі тетік болып табылады.

Өңірлік кадр резервін қалыптастырудағы басты мақсат – өңірдің ерекшелігін жетік білетін, стратегиялық ойлау қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол және заманауи басқару тәсілдерін меңгерген жаңа буын басшылар корпусын қалыптастыру. Бүгінде өңірлік басқару сапасы ел дамуының маңызды факторы ретінде қарастырылып отыр.

Іріктеу рәсімі ашық және кезең-кезеңімен жүргізіледі. Үміткерлердің кәсіби білімі, еңбек өтілі, құзыреттері, басқарушылық және көшбасшылық әлеуеті жан-жақты бағаланады. Бағалау барысында объективтілік пен ашықтық қағидаттары қатаң сақталады. Бұл өз кезегінде бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған басқарушылар пулын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Өңірлік кадр резервіне енген азаматтар мемлекеттік органдардағы бос немесе жаңадан құрылатын басшылық лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, резервшілердің кәсіби дамуына жағдай жасалып, олардың басқарушылық дағдыларын жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Алматы қаласының өңірлік кадр резервінде 39 резервші бар. Оның ішінде 14 резервші, яғни 36 пайызы, басшылық лауазымдарға тағайындалды. Бұл – жобаның тиімділігін және оның нақты нәтижеге бағытталғанын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Өңірлік кадр резерві – кадрлық сабақтастықты қамтамасыз ететін, өңірлік деңгейдегі басқару тиімділігін арттыратын және мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа серпін беретін стратегиялық бастама. Аталған жоба кәсіби әрі жауапты басшылар корпусын қалыптастыру арқылы өңірдің тұрақты дамуына өз үлесін қосуды көздейді.

Алдағы уақытта өңірлік кадр резервін жетілдіру, іріктеу рәсімдерінің айқындығын арттыру және резервшілердің кәсіби әлеуетін одан әрі дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады. Бұл – өңірлік басқару сапасын жаңа деңгейге көтерудің нақты қадамы.

Мемлекеттік қызмет басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті

Региональный кадровый резерв – механизм повышения качества регионального управления

Региональный кадровый резерв – важный кадровый проект, направленный на...

Қылмыстық істерді медиация тіртібімен реттеу

«Ел даусыз болмас» дегендей, дау кез келген қоғамда кездесетін...

Мемлекеттік тіл мәртебесі – ортақ жауапкершілігіміз

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болғанына 30 жылдан...

Несовершеннолетние ученики средних школ посетили суд

В Специализированном межрайонном суде по делам несовершеннолетних Жамбылской области...

Когда внимание превращается в угрозу

СТАЛКИНГ – ЭТО НАВЯЗЧИВОЕ И НЕЗАКОННОЕ ПРЕСЛЕДОВАНИЕ ЧЕЛОВЕКА, КОТОРОЕ...