Өңірде әлеуметтік инфрақұрылым кешенді түрде жаңғыртылуда — Атырау облысының әкімі

Өңірде әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Биыл 27 мектеп салынуда. Оның ішінде 4 мектеп пайдалануға берілді, 9 мектептің құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өңірде медициналық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың аяғына дейін 5 нысан тапсырылады. Қосымша 7 нысанның құрылысы жүріп жатыр.

«Өңірде екі заманауи емхана салынуда. Онкодиспансер жанындағы радиологиялық корпус келесі жылы пайдалануға беріледі», — деді спикер.

Бұдан бөлек, 15 мәдени нысанның құрылысы жүргізілуде. Атырау қаласында концерт залы мен тарихи-өлкетану музейі, сондай-ақ, конгресс-холл, бейбітшілік және келісім сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, 33 спорт кешенінің құрылысы басталып, биыл 11 спорт кешені қолданысқа берілді.

«Алдағы жылы ауылдық округтердің барлығы 100% спорт кешендерімен қамтамасыз етіледі», — деді облыс әкімі.

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...