12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Өңірде бірқатар судьялар тағайындалды

Бүгін Қызылорда облыстық сотында жалпы отырыс өтті. Облыстық сот
төрағасы Ә.Шығамбаев күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қазақстан
Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 наурызындағы №150
Жарлығымен тағайындалған судьялар Қазалы аудандық сотының судьясы
Бертай Серік Мұратбайұлын, Қызылорда облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ізтілеуова
Асыл Алпысбайқызын және жаңадан тағайындалған Жаңақорған аудандық
сотының судьясы Пазылов Болат Самадинұлы мен Арал аудандық сотының
судьясы Керуенбаев Берік Серікұлын сот ұжымына таныстырды.
Таныстыру рәсімінен соң жаңадан тағайындалған Арал аудандық
сотының судьясы Б.Керуенбаев ант қабылдады.

Облыстық сот төрағасы судьялардың жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі.

Қысқаша мәлімет:

Бертай Серік Мұратбайұлы Қызылорда облысында туған, 2001-2016
жылдары Қазалы аудандық сотының маманы, аға сот приставы, жетекші
маман-сот приставы, жетекші маманы, бас маманы; 2016-2019 жылдары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы аудандық сотының судьясы; 17.07.2019
жылдан осы кезге дейін Арал аудандық сотының судьясы болып қызмет
атқарған.

Ізтілеуова Асыл Алпысбайқызы Қызылорда облысында туған, 2001-2010
жылдары Қызылорда қалалық сотының аға маман-сот отырысының
хатшысы, жетекші маман-сот отырысының хатшысы, бас маман-сот
отырысының хатшысы; 2010-2017 жылдары Қызылорда облысының
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас
маман-сот отырысының хатшысы, 2017 жылдан бүгінгі күнге дейін
Байқоңыр қалалық сотының судьясы қызметін атқарып келген.

Пазылов Болат Самадинұлы Қызылорда облысында туған, ҚР Президенті
жанындағы басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын 2002 жылы
Жаңақорған аудандық сотында іс тіркеуші болып бастап, әр жылдары осы
соттың жетекші маман, жетекші маман-сот отырысының хатшысы; Астана
қалалық сотының жетекші маманы, бас маман-сот отырысының хатшысы;
2009-2013 жылдары Қармақшы аудандық сотының судьясы, 2013-2019
жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметтерін атқарған. 2020
жылдан бастап осы кезге дейін Нұр-Сұлтан қаласының, Қызылорда
облысының адвокаттар алқасының адвокаты болған.

Керуенбаев Берік Серікұлы Қызылорда облысынының тумасы, 2022
жылы ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот төрелігі академиясын тәмамдаған.
2015 жылдан бастап осы кезге дейін Қазалы аудандық сотының жетекші
маманы; Қызылорда қаласының тергеу сотының аға сот приставы,
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық сотының, Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот
отырысының хатшысы қызметтерін атқарып келген.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Ауғанстаннан «Диуани Хикметтің» беймәлім қолжазбасы табылған

Ауғанстаннан табылған «Диуани Хикметтің» бұрын белгісіз қолжазбасы Қожа Ахмет...

«Қазақ халқының татуласу рәсімдері: дәстүр мен рухани үйлесімнің көрінісі»

Қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани дүниетанымы мен өмір...

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі

Кейнгі көздері «адам өзгерді ме, заман өзгерді ме?» деген...

Алматыдағы балалар колониясынан рақымшылық бойынша алғашқы жасөспірім бостандыққа шықты

Жуырда 16 жасар Жансұлтан “Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына...

Кәмелетке толмаған сотталған балаларға арналған тренинг өтті

 Алматы қаласы бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесіне «Азаматтардың...