Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотында бүгін Жетісу аудандық пробация қызметі бөлімінің сотталған Т-ке қатысты бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс қаралды. Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі 4 тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығына шектеу жазасы тайындалған.
Сотталған Т. Алматы қаласы Жетісу аудандық пробация қызметі бөліміне бақылауға алынып, сот жүктеген міндеттері толық түсіндіріліп, жаза өтеу тәртібін бұзбау туралы әңгіме өткізілген болатын болатын. Алайда сотталған Т. сот жүктеген міндеттерді толық орындамай, қасақана жалтарды. Осыған орай Алматы қаласы №2 Жетісу аудандық сотының қаулысымен ҚР ҚК-нің 44 бабының 3 бөлігіне сәйкес Т-ның өтелмеген жаза мерзімі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.
Алматы қаласы Жетісу аудандық
ПҚБ аға инспекторы
әділет капитан
Г.Т.Душева


