12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАМАҚ БОЛҒАН СОТТАЛУШЫ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Жуырда Шымкенттегі қауіпсіздігі барынша жоғары түрмелердің бірінде оқыс оқиға орын алды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 199 бабы, 1-ші бөлігімен 11 жылға бас бостандығынан айырылған О.Ә. атты азамат тәртіптік изолятордың 6-шы оқшаулау камерасында отырып өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Нақтырақ айтқанда, өзінің үстіндегі абақтылық киімді пайдалана отырып, есіктің ішкі торына асылып қалмақ болған. Бұл оқыс оқиғаны кезекшілікте отырған 6698 әскери бөлімнің бақылаушысы жіті байқап, мекеменің жеке құрамына тез арада хабарлап үлгереді. Нәтижесінде, өз-өзіне қол жұмсамақ болған сотталушы құтқарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі кезде өз-өзіне қол жұмсамақ болған сотталушының өміріне ешқандай қауіп жоқ.
Бұл туралы Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы, әділет полковнигі Теңізжан Жәнібековке N:55-ші мекеме бастығы, әділет майоры Ж.Қамбаровтың жолдаған қызметтік хабарламасында:
-04.05.2023 ж. сағат 20.45-тер шамасында жазасын өтееуші О.Ә-нің өз-өзіне қол жұмсамақ болған оқиғаның алды алынды. Сотталғаннан мән-жайды сұрау барысында, ол мұндай әрекетке өзінің 12 тәулікке тәртіптік изоляторына жабылғанына наразылық ретінде жасағанын атап өтті «- делінген онда.
Бұдан әрі мекеме басшысы сотталушының мінез-құлқына былайша сыпаттама береді:
-Сотталушы О.Ә. мекеменің ішкі тәртібіне, айтылған ескертулерге құлақ аспай, қарым-қатынаста сыпайылықты сақтамай, өзінің дөрекі мінезін танытып, басқа сотталғандардың арасында өзінің беделін көтеріп, оларды мекеме қызметкерлеріне қарсы қойғаны үшін тәртіптік изоляторына 12 тәулікке жабылған. Сотталушы О.Ә. өз-өзіне қол жұмсауға және дене жарақатын салуға бейімді ретінде мекеменің есебінде тұрады. Болған оқиғаның барлығы мекеменің бейнебақылау камерасына жазылып алынған» деп атап көрсетеді.
«Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген аталы сөз бар халқымызда. Өз-өзіне қол жұмсап, ішкі тәртіпке бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсету арқылы мекеме қызметкерлерінің конституциялық құқын бұзуға дейін барған жазасын өтеуші О.Ә.-нің мұндай іс-әрекеттері нақты құжаттармен қатталып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Түркістан облысы, Төлеби ауданының ПБ-не жолданған.
Сейтхан Зеберханұлы,
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД-ның баспасөз хатшысы.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...