Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру тиімділігін арттыру мақсатында Мамлют ауданының пробация қызметі ауданның мемлекеттік және өзге де органдарымен, қоғамдық бірлестіктерімен, үкіметтік емес ұйымдарымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты.
Меморандумдар «СҚО Мамлют ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ Жастар ресурстық орталығымен, халықты жұмыспен қамту орталығымен, орталық аудандық ауруханамен, «Аманат» ҚБ аудандық филиалымен, «Мейірімді жандар» еріктілер клубымен, сондай-ақ «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігімен ұзартылды.
Меморандумдар жасау кезінде әлеуметтендіру, әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдемдесу мәселелері бойынша бірлескен қызметтің сұрақтары талқыланды, сондай-ақ сотталғандарда құқықтық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған әртүрлі форматтағы іс-шараларды өткізу жоспарланды.
СҚО бойынша ҚАЖД
Мамлют ауданының ПБ бастығы
әділет подполковнигі
А. Сейітова


