Әзербайжан президенті қазанда Қазақстанға келуі мүмкін

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазанда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылаған.

«Қазір сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр. Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды», — деп жазды Руслан Желдібай.

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.