12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әр-бір шаңырақ бақытты ғұмыр кешуге лайықты

     Өмірдің мәні де сәні, отбасын құрып жанұялы болу. Бұл бірінші мақсат. Бірақ көбіне біз болашақ бір құдайға аян деумен шектеліп жатамыз. Отбасын құру бір бөлек, ал оны сақтап қалу екінші, үлкен мәселе екеніне дау жоқ.

     Отбасы дегеніміз – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Отбасы – қоғамның ажырамас бөлігі. Сондықтан қоғамды өзгерткің келсе, алдымен өзіңді өзгерт. ҚР Конституциясында  Неке және отбасы, ана және әке, бала мемлекеттің қорғауында болады делінген, сондай-ақ балалар құқына қамқорлық жасау, оларды тәрбиелеу – ата-ананың міндеті болып саналатыны да айтылған. Қазақта: «Ел боламын десең – бесігіңді түзе, оны түзеймін десең әйеліңді түзе» демей ме?  Демек,  әйел – отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда ел үшін алаңдамауға болады, – деген сөз.       «Балаңды тәрбиелегің келсе – өзіңді тәрбиеле, себебі балаң саған қарап өседі» деген тәрбиелік мәні зор нақыл бар. Сондықтан баланың құқығын қорғап, оның өсіп, жетілуіне бар мүмкіндікті пайдаланып, қамқорлық жасау – барлығымыздың негізгі міндетіміз. Әйтсе де үй іші, ощақ басы болған соң ұрыс-керіссіз отбасы болмайтыны белгілі. Мұның зияны бала-шағаға әсер етпейді емес. Осындай келеңсіз жағдайларды балаларға көрсетпеген дұрыс. Тар үйде тамаша боп жатқан соң оны көрсетпеу қиынның қиыны. Алайда бұның жолы біреу: татуласу.

    Қазіргі таңда «Отбасылық сот» жобасы қолға алынғаны баршаға аян Басты мақсаты: ажырасулардың санын азайту, жанжалдасып жүрген ерлі-зайыптылардың татуласуына септігін тигізу. Отбасылық сотта неке бұзу, отбасы қарым-қатынасында туындайтын тағы да басқа даулар қаралады. Соның ішінде ең көп таралғаны – ерлі-зайыптылар арасындағы неке бұзу даулары.

      Үй жағдайында зорлық зомбылықтың басым бөлігі масаң күйде жасалатыны белгілі. Спирттік ішімдікке тәуелді болған отбасы дау-дамайсыз болмайды. Алдымен осы ішімдік дертінен айығу жолдарын қарастырған жөн. Бұл жерде әр нәрсені, өз орнына қойып, тәртіппен тізім түзген жақсы. “Әйелді тәрбиелегенің – әлемді тәрбиелегенің, еркегіңді бағалағаның – ертеңіңді бағалағаның” демей ме атам қазақ. Отбасында әйелдеріміз тәрбиеге, ер азаматтарымыз ұрпағына жауапкершілікпен қараса, баланың бақытты болашағына кепіл, ал медиация отбасының құндылықтарын нығайтып, шаңырақты шайқалтпай сақтап қалуда тиімді тәсіл екені анық. Қоғамдық мәселенің алдын аларлық сот жүйесіндегі мұндай игі бастамалар жалғасын тауып, болашақта оң нәтижесін берсе құба-құп. Бастысы сабыр, үмітті үзбей татуласатыққа ден қою. Әр-бір шаңырақ бақытты ғұмыр кешуге лайықты екенін естен шығармайық ағайын, дегіміз келеді.

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  бас маманы Жалаева Нұргүл Нұрланқызы

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...