Әр адам өз сөзінің жауапкершілігін сезінуі керек

Сөз жәй ғана сөз емес, тәрбие құралы, сондықтан әр отбасында айтылып жүрген сөздер арқылы бала өседі. Сөзді дұрыс жерде дұрыс сөйлеп қолдана білудің өзі адамгершіліктің, даналықтың белгісі. Төле би, Қазбек би, Әйтеке би әділ сөз арқылы дауларды шешіп ел бірлігін сақтаған. Төле бидің «Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге шын жетпейді, Өзің білмесең білгендерден сұра, Үйренгеннен ештеңең кетпейді», Әйтеке бидің «Жігіттің жақсысы, Дұрыс сөзге тоқтай білген, Басқаны сөзіне тоқтата білген» қалдырған дана сөздерінің өзі сөздің күші мен құдіретінің маңыздылығын көрсетеді. Қазақ халқының сөз қазынасы өте бай.

«Санасызға айтқан сөз -тасқа тамған тамшыдай, саналыға айтқан сөз -қолға ұстағаан қамшыдай» деген дана сөзге келсек санасызға сөйлеп уақыт кетірудің қажеті жоқ екенін көрсетеді, тамшыдай тамып, желмен кеуіп кететіндей екенін білдіріп, ал саналыға айтқан сөз жүрегіне жетіп, ақылына қонатынын жеткізіп отыр.

       Сөздің күші мен құдіреті – адамға жол бағыттайтын, адамзат өміріндегі ең ықпалды құбылыстардың бірі. Сөз арқылы адам ойын жеткізеді, сезімін білдіреді, қоғамды өзгертеді. Ал орынсыз айтылған ауыр сөз ұзақ уақыт ұмытылмайды. Сондықтан әр адам өз сөзінің жауапкершілігін сезінуі керек. Бір ауыз жылы сөз адамды үміт, сенім сыйлап, жігерлендірсе, басқа аузына келген балағат сөздер, немесе көре алмаушылықпен, іші тарлықпен айтылған сөздер адамға кері әсер етеді. Сөздің құдіреті – оның жүрекке жетуінде.

      Қазіргі заманда да сөздің маңызы зор. Әлеуметтік желіде, қоғамда айтылған әр пікір үлкен әсер етуі мүмкін. Сол себепті сөзді ойланып, байыппен қолдану – мәдениеттіліктің белгісі. Қорытындылай келе, сөз – жай ғана дыбыс емес, ол – тәрбие құралы, қару, күш және рухани байлық. Сөз – тәрбие құралы. Бала тәрбиесінде ата-ананың әрбір сөзі маңызды рөл атқарады. Ұстаздың сөзі шәкіртке бағыт-бағдар береді. Көшбасшының сөзі халыққа рух береді. Осы тұрғыдан алғанда, сөз – үлкен жауапкершілік. Оны орнымен қолдану – парасаттылықтың белгісі. Сөзді дұрыс қолдана білу – адамгершіліктің айғағы.

      Қазіргі ақпараттық заманда сөздің ықпалы бұрынғыдан да арта түсті. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы айтылған бір пікір мыңдаған, тіпті миллиондаған адамға жетеді. Сондықтан әрбір адам өз ойын білдіргенде мәдениеттілік пен жауапкершілікті ұмытпауы керек. Себебі сөз – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның айнасы.

       Сондықтан сөздің қадірін түсініп, оны ізгілік пен жақсылық жолында қолдану – әрбір саналы адамның міндеті.

Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Г. Ходжабекова

Қос дипломнан – жаңа белеске: Еуразия ұлттық университеті мен Наньнин педагогикалық университеті Қытайда бірлескен институт ашты

Қытай Халық Республикасындағы Наньнин педагогикалық университетінде Л.Н. Гумилев атындағы...

Профилактикалық тексеру

Алматы қаласы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемесінде...

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...