ӘЛСІЗГЕ ҚАМҚОР БОЛУ – ҚАСИЕТ

Қазақ қоғамында әлсізге қамқор болу – қанымызға сіңген қасиет. Дегенмен бүгінде бұл ізгі ниет ресми саясатпен, заңмен және нақты жүйемен бекітілуі тиіс. Мемлекетіміз соңғы он жылдықта мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік құқықтарын қорғау бағытында маңызды жүйелі қадамдар жасап келеді. Бұл тек заң қабылдаумен шектелмейді, ол заңды нақты іске асырумен де көрініс табуда.

Шығыс Қазақстан облысы – инклюзивті саясатты жүйелі іске асырып отырған өңірлердің бірі. Мұнда 2022 жылдан бері «Əлеуметтік қолдау кабинеттері» жұмыс істейді. Бұл кабинеттерде мүмкіндігі шектеулі адамдарға құқықтық кеңес, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жəне психологиялық қолдау ұсынылады. Мəселен, Семей қаласында тұратын 1-топ мүгедегі Айнагүл Сарсенова осы кабинет арқылы «Бизнес бастау» жобасына қатысып, өз кəсібін ашқан. Мемлекеттік грантты ұтып, тігін цехын іске қосқан Айнагүл бүгінде өзі секілді тағы үш əйелге жұмыс беріп отыр. – Бұрын «мүгедекпін» деп өзімді шеттете беретінмін. Қазір мемлекет те, қоғам да бізге мүмкіндік беріп отырғанын сезіп жүрмін, – дейді ол. Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылдан бері «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Бүгінде бұл жоба аясында: 3000-нан аса нысан бейімделді; 50 мыңға жуық адамға кəсіби оқыту жүргізілді; мүгедектігі бар азаматтарға арналған 1 200 арнайы жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін барлық мектептер инклюзивті білім беруге дайын болуға тиіс деген міндет қойылып отыр. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі азаматтардың əлеуметтік құқықтарын қорғауға бағытталған жүйелі саясат жүргізіп келеді. Ендігі міндет – осы жұмысты өңірлік деңгейде нақты іске асыру, қоғам мен отбасы тарапынан қолдау көрсету. Заң – бар, тетік – іске қосылған, енді қоғамның қабылдауы мен адами түсінік қажет.

С.АСҚАР

Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық...

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...