12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әкімшілік рәсімдер

Әкімшілік рәсім – әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.

Әкімшілік рәсімдердің міндеттері:

— жеке және заңды тұлғалардың жария құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін толық іске асыру;

  • жария-құқықтық қатынастарда жеке және қоғамдық мүдделердің теңгеріміне қол жеткізу; - тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды, оның ішінде адамдардың басқару шешімдерін қабылдауға қатысуы арқылы қамтамасыз ету; - мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау;
  • жария-құқықтық саладағы заңдылықты нығайту; - біркелкі әкімшілік практиканы қалыптастыру болып табылады. Әкімшілік рәсімдер заңдылық, әділдік, құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау, мөлшерлестік, әкімшілік қалауды жүзеге асыру шектері, формальды талаптарды теріс пайдалануға тыйым салу, анықтық презумпциясы, әкімшілік рәсімдер мен әкімшілік актілердің біркелкілігі қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Әкімшілік рәсімге қатысушылар арыз иесі және мүдделі тұлға болып танылады. Әкімшілік рәсімді козғау үшін мыналар негіздер болып табылады: 1) жолданым; 2) әкімшілік органның, лауазымды адамның бастамасы. Әкімшілік рәсім жолданым қабылданған кезден бастап қозғалды деп есептеледі. Ал, мына мән-жайлардың тым болмағанда бірі болған кезде: 1) әкімшілік органның, лауазымды адамның жолданымда көрсетілген сол нысана туралы және сол негіздер бойынша әкімшілік рәсімге қатысушыға қатысты әкімшілік іс бойынша шешімі бар болса; 2) сол нысана туралы және сол негіздер бойынша сол адамға қатысты шығарылған заңды күшіне енген сот актісі бар болса; 3) әкімшілік орган, лауазымды адам жолданымды қайтарса; 4) әкімшілік орган, лауазымды адам арыз иесінен жолданымды кері қайтарып алуды қабылдаса; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бар болса, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсім тоқтатылуға жатады. Әкімшілік орган, лауазымды адам өз бастамасы бойынша қозғалған әкімшілік рәсімді, егер әкімшілік рәсімді жүзеге асыру оны қозғауға негіз болған мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қажет болмай қалса немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген басқа негіздер бойынша тоқтата алады. Әкімшілік рәсім әкімшілік органның, лауазымды адамның шешімімен тоқтатылады, бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әкімшілік рәсімге қатысушыға хабарланады. Әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімге осы Кодексте белгіленген тәртіппен шағым берілуі мүмкін. Арыз иесі, егер жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бар болса, осы Кодексте белгіленген тәртіппен қаралған мәселе бойынша қайта жолданым беруге құқылы. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі жолданым келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімі ол қозғалған кезден бастап есептеледі. Жолданым негізінде қозғалған әкімшілік рәсімнің мерзімін әкімшілік орган басшысының немесе оның орынбасарының уәжді шешімімен ақылға қонымды, бірақ әкімшілік істі дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттігіне орай екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, әкімшілік рәсімге қатысушы бұл туралы мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабардар етіледі. Шешім қабылдауға уәкілеттік берілген адам әкімшілік рәсім мерзімін негізсіз ұзартқаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады. Әкімшілік рәсімдер нәтижесі бойынша әкімшілік орган, лауазымды адам: 1) әкімшілік актіні қабылдау; 2) әкімшілік рәсімді тоқтату туралы шешімдердің бірін шығарады. Әкімшілік істі қарау аяқталғаннан кейін жазбаша нысанда шешім шығарылады, ол әкімшілік рәсімге қатысушыға жіберіледі.

Шымкент қаласының МАӘС судьясы Г.Калдыбекова

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Кандидатуру Олжаса Сулейменова на Нобелевскую премию мира поддержат другие страны

«Зеленые» партии нескольких стран уже поддержали инициативу партии Baytaq...