12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерді медиация тәртібімен реттеу

Медиацияның пайдасының көп екендігін білеміз, алайда кейбір өңірлерде осы медиация ұғымын онша түсін­бей­­тіндер де баршылық. Бүгінгі таңға дейін өңірде халыққа медиация за­ңын түсіндіру мақсатында бір­қа­тар іс-шаралар атқарылды және атқарылып та келеді.

«Медиация ту­ралы» Заңның 1-бабында оның қол­данылу аясы белгіленген. Же­ке немесе заңды тұлғалар қа­ты­са­тын азаматтық, еңбек, отба­сы­лық және өзге де құқықтық қа­ты­настардан туындайтын даулар, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар ме­диацияның қолданылу саласы болып табылады. Медиация, яғ­ни, араағайындық негізінен тұр­ғын үй, еңбек, отбасылық жә­не көршілер арасындағы даулар мен кикілжіңдерді шешуде қол­данылады. Соның ішінде әкімшілік құқықбұзушылық істерін медиация тәртібімен реттеу  соңғы жылдары белсенді енгізіліп жатқан тиімді тетік десе болады.

Жалпы, медиация – тарап­тар­дың ерікті келісімі бойынша жү­зеге асырылатын, олардың өз­а­ра қолайлы шешімге қол жет­кізуі мақсатында арадағы дауды рет­теу рәсімі.

Медиация рәсімінің істің сотта қаралуынан ерекшелігі неде?

Медиацияның басты мақсаты – қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласушылық деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі өзара қолайлы, бейбіт келісімге келу болып табылады. Сот өндірісінен айырмашылығы – медиация барысында «кәнілілер» мен «кінәсіздер» деген тараптар болмайды. Өйткені, бұл құқық саласы қылмыс жасаушылар қатарын бірыңғай бас бостандығынан айыру жолымен жазалауды емес, адам құқықтары мен бостандығын қорғауды және қалпына келтіруді көздейді. Былай айтқанда, медиация мүмкіндігіне қарай істі сотқа жеткізбеу мақсатын көздейді.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес (әрі қарай – ӘҚБтК), белгілі бір санаттағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша іс жүргізу жәбірленушінің келісімімен және тараптардың медиация туралы келісімге келуі арқылы тоқтатылуы мүмкін.

Осыған орай медиация қолданылатын әкімшілік істер санаттарына тоқталсақ.

Медиация, әдетте, қоғамдық қауіптілігі төмен, жеке немесе мүліктік дауға байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарда қолданылады. Соның ішінде:

  • Дене жарақатын келтірмейтін тұрмыстық кикілжіңдер;
  • Ұсақ бұзақылықтың кейбір түрлері;
  • Мүліктік шағымдарға байланысты құқық бұзушылықтар;
  • Қоғамдық тәртіпті бұзу салдарынан жәбірленушіге зиян келтірілген жағдайлар;
  • Көршілер арасындағы даулар;
  • Отбасылық-тұрмыстық келіспеушіліктердің әкімшілік құрамдары.

Ал ауыр зардапқа әкелетін, ерекше қоғамдық маңызы бар немесе мемлекеттің мүддесіне тікелей зиян келтіретін әкімшілік істер медиация арқылы тоқтатылмайтынын ескеру қажет.

Сонымен, әкімшілік құқық бұзушылық істерін медиация тәртібімен реттеу – дауларды өркениетті және тиімді шешудің заманауи тәсілі. Сондай-ақ, қоғамдағы татуласу мәдениетін қалыптастыруға, азаматтар арасындағы дау-жанжалдарды бейбіт жолмен шешуге ықпал етеді.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы сот отырысының хатшысы Самат Қалмаханұлы Әбілдаев

Енлик — первая артистка из Казахстана

Если Енлик действительно стала первой артисткой из Казахстана, которую...

Қазақстанның 2025 жылғы ЖІӨ өсімі 6,5%-ды құрады

Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың...

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯСЫНДА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түркістан қаласында өткен «Қысқы кубок» халықаралық футбол турнирі аясында...

БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ТІРЕГІ

Қазақстан қоғамының бүгінгі даму бағыты – жас буынның әлеуетін...

В учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай прошёл конкурс снежных фигур среди осуждённых

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...