12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әдеп кодексі – басты бағдарымыз

«Би төрттің құлы. Ол: адал еңбек, таза ниет, терең ой, әділдік» деген екен бабаларымыз. Қазақ даласындағы дау-дамайды шешендігімен, көрегендігімен шешкен билерге деген талаптың қаншалықты жоғары болғанын осыдан-ақ байқауға болады. Сол билердің бүгінгі жалғасы саналатын судьяларға да қойылатын талап бір мысқал кеміген емес. Қазіргі судьялардың білімі мен білігін көтерумен бірге, әдебіне қатысты қағидалар да қатаң.

Мұны судьялардың моральдық-этикалық бет-бейнесіне жоғары шектеулер белгілейтін Әдеп кодексінен аңғаруға болады. Әдептілік – судьялар жұмысының іргетасы. Қазіргі қолданыстағы Әдеп кодексі 2024 жылы 4 қазанда өткен республика судьяларының ІХ съезінде қабылданды. Көлемі 14 баптан тұратын бұл құжатта судьяларға қойылатын барлық талаптар тізбектелген. Әдеп кодексін тірек еткен әрбір судья тек шешім шығарып қоймай, антына берік болып, қоғам алдындағы жауапкершілік пен міндетті сезіне отырып, өзінің жоғары әдебімен, мәдениетімен қоғамға, өзінің ортасына үлгі болуы тиіс. Мұндай биік меже тек қызметтегі судьяларға ғана емес, зейнетке шыққан судьяларға да міндеттелген.

Басқа мамандық иелерімен салыстырғанда судьяларға жоғары талаптың қойылуы тегін емес. Бұл сот құрылымының мемлекеттегі әділдіктің, тазалықтың, туралық пен қауіпсіздіктің кепілі болуымен байланысты. Сот жүйесіндегі басты тұлға судья болғандықтан, әрбір қазы өзінің әрекетіне, сөйлеген сөзіне, азаматтармен қарым-қатынасына қарап бүкіл құрылымның бет-бейнесіне баға берілетінін түсінуі шарт. Сонымен қатар кез келген судья сот залында ғана емес, сот ғимаратынан шыққаннан кейін де соттың беделіне нұқсан келтіретін, сот жүйесіне қатысты теріс пікірді қалыптастыратын жаман әрекеттерден бойын аулақ салғаны абзал. 

Халық даналығы сот билігіне қатысты «Елге бай құт емес, би құт» деп баға берген. Сондықтан, бүгінгінің билері де өзінің адал еңбек, мықты ұстанымы, биік моральдық келбетімен көпшілікке өнеге көрсеткен абзал. Судьялардың әдеп кодексін қабылдаудағы меже де осы.

У.Абдиманап,

Алматы қаласы

Медеу аудандық сотының судьясы

Бейтараптық – төреліктегі тараптар теңдігінің маңызды элементі

Әрбір судья Президент Жарлығына сай сот құрылымына қабылданғаннан кейін...

Медиация: дауды татулықпен түйіндеу тиімді  

Медиацияның маңызын, тиімділігін түсіндіру артық. Себебі «Медиация туралы» заң...

Онлайн соттың артықшылығы орасан

Цифрландыру – барлық реформаның күретамырына айналды. Осы жаңашылдықтардың арқасында...

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТӨРТ ӘЙЕЛ БОСТАНДЫҚҚА ШЫҚТЫ

Кеше Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті № 13...

Вина, подтвержденная неоднократно

Наркомания и наркопреступность разрушают жизнь любого человека, соприкоснувшегося с...