Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан президенті Тоқаевтың дүниежүзілік климаттық саммитте сөйлеген сөзін талқылау

2023 жылдың 18 Желтоқсаныңда Түрікменстаннан келген «6В02303 — Шетел филологиясы (батыс тілдері)» мамандығы бойынша, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының 1 курс студенттерімен бірге эдвайзерлер И.К.Әзімбаева және М.С.Оңғарбаевамен Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың, БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимылдарға шақыру туралы баяндамасы аясында ашық тәрбие іс-шарасын онлайн өткізді. Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздығымен қатар, әлемдік ауқымдағы өнеркәсіпорындарының зиянды әсері туралы талқылау жүргізілді.

Студенттермен бірлесіп Республика Президентінің жолдамасының басты тезистері талқыланып, түрікмен студенттеріне БАӘ-де өткен баяндамамен қатар телеарна жаңалықтардың бейнежазбасы көрсетілді. Баяндама барысында Президент Қазақстанның ғаламдық метан шығарындыларын азайту жөніндегі міндеттемеге қосылуы туралы шешімді және Қазақстан- Париж келісімін алғашқылардың бірі болып ратификациялағанын атап өтті.

«Біздің еліміз жел және күн энергетикасын дамытуға, сондай-ақ «жасыл» сутекті өндіруге зор мүмкіндікке ие. Біз осы істі әрі қарай дамыту үшін серіктестерімізбен тығыз ынтымақтастықты жалғастырамыз», — деді Қ. Қ.-Ж.Тоқаев.

Қазақстан мен басқа елдердің мемлекеттік органдары және бизнес-құрылымдары арасында бірқатар келісімдерге қол қойылды. Сөз соңында Президент 2026 жылы Қазақстанда өңірлік Климаттық саммит өткізуді ұсынды.

 Түркіменстаннан келген студенттер климаттың өзгеру мәселесі бойынша және табиғатты қорғауға бағытталған идеяларымен алмасты.

Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары Азимбаева И.К., Оңғарбаева М.С.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ТМД ЕЛДЕРІ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ФОРУМЫ АЛҒАШ РЕТ ӨТТІ

2026 жылғы 29 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан...

Президент Жолдауы және ел болашағы: Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың METU студенттерімен тағылымды кездесуі

         Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) студенттердің Қазақстан Республикасы Ұлттық...

Көкшетауда «Тайталас» кітабы таныстырылды: туындының кейіпкері де тұсаукесерге қатысты

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин музейі ұйымдастыруымен белгілі журналист Байқал Байәділдің...

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау

Кәмелетке толмаған баламен кездесу тәртібін анықтау мәселесі ерлі-зайыптылардың некесі...

Заң үстемдігі – әділетті қоғамның берік негізі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи...