12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — білім қазынасы

1934 жылы Қазақ Ұлттық университетінің іргесі қаланғаннан бастап сапалы жоғары білім берудің бай тарихына ие. Тоқсан жыл бойы білім ордасы әр түрлі салаларда жетістікке жеткен жоғары білікті түлектерді шығарған университет білім беру мен зерттеудің жетекші орталықтарының біріне айналды. ҚазҰУ жаратылыстану ғылымдары, инженерлік, әлеуметтік ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар және өнер сияқты әртүрлі салаларда бакалавриат және магистратура бағдарламаларының кең ауқымын ұсынады. Университетте студенттерге заманауи әлемнің сұранысын қанағаттандыруға дайындайтын жан-жақты білім беретінон алты факультеттер бар.

Абай Құнанбайұлының он сегізінші қара сөзінде: …«Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ»- делінген. Аталған ой түйіні бүгінгі күннің өзегі болып табылады. Ақыл, ғылымды дамытуда университетте еліміздегі мықты зерттеу мәдениетінің іргетасы қалыптасты деуге болады. Елімізде ғылым саласында айшықты орынға ие ғалымдар мен зерттеушілердің көпшілігі универститет түлегі болып табылады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кемел келешек кепілі болуының тағы бір себебі – оның ғылыми-зерттеу мен инновацияға қатты көңіл бөлуінде. Университетте әртүрлі салалардағы білімді жетілдіруге арналған бірнеше ғылыми орталықтар құрылды. Бұл орталықтарда алдыңғы қатарда жүрген жетекші ғалымдар мен зерттеушілер қызмет етеді. Олар өз жұмыстары арқылы бүгінгі қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттерді шешуге көмектесуде. Университет оқытушылары мен студенттерін қоғамға маңызды әсер ете алатын ғылыми-зерттеу қызметімен айналысуға шақырады. ҚазҰУ-дағы ғылыми орталықтар мен институттар зерттеушілерге озық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи құралдармен және ресурстармен жақсы жабдықталған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – студенттерінің кемел келешегінің кепілі. Университеттің академиялық жетістіктерге, зерттеулерге және инновацияларға деген ұмтылысы оны әлемдік деңгейдегі оқу орны ретінде бекітті. Оның түлектері болашақ мансабында табысқа жетуге жақсы дайындалған және олардың зерттеулері әлемдегі ең өзекті мәселелерді шешуге көмектесуде. Соңғы үлгідегі базалары және мансаптық мүмкіндіктерімен ҚазҰУ студенттердің академиялық және кәсіби мақсаттарына жету үшін тамаша, әрі таптырмас орын болып отыр. Құзыретті әрі білікті түлектер желісі және инновациялар мен кәсіпкерлікке үнемі назар аудара отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті алдағы уақытта да жоғары білім беру саласындағы көшбасшы болып қала беретініне сеніміміз мол. Ғасырға жуық тарихы бар унивеситет мемлекетіміздің асыл қазынасы- білімге құмар адам баласына сапалы білімі мен ғылымға баулитын орнын іргелендіріп, әрі қарай дамыта беретіні күмәнсіз.

Заң факультетінің 1 курс магистранты Х.Н. Қуандық

Жетекшілері: з.ғ.к., доцент- М.Қ. Бисенова,

З.ғ.к., профессор- Г.М. Атаханова

Проведено открытое судебное заседание с участием подучетных

В межрайонном суде по уголовным делам г.Астаны было по...

«Шағын кәсіпкерлік саласындағы құқықтың өзекті мәселелері»

NARXOZ университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі мен Алматы...

«Уклонение от контроля”

В целях профилактики повторных административных и уголовных правонарушений, службой...

Колонияға тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру...

Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізілуде

Түрксіб станциясы Желілік полиция бөлімі ескертеді қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз...