Әкімшілік жауаптылықтан босатылып,  іс жүргізу тоқтатылды

Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша  бойынша Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Анықталғандай, пойыз вагонында белгісіз тұлға қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, былапыт сөздер айтты деп, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

Жәбірленуші Н. сот отырысында берген жауабында «Ж» есімді апа жатын орнының астына өз жүгін қойып, жүктерін алуды өтінгенінде өзіне былапыт сөздер айтқанын көрсетті.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, белгісіз тұлға қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiріп, былапыт сөздер айтқан әрекеті ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен дәрежеленген.

Алайда, хаттамада Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасын толтыру кезінде іс жүргізу қағидаттары және заң талаптары бұзылған, яғни әкімшілік құқық бұзушылық хаттама белгісіз тұлға қоғамдық орында айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, былапыт сөздер айтқаны үшін толтырылған. Аталған хаттамада нақты тұлға кім екені, кімге былапыт сөздер айтқаны нақты көрсетілмеген.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 1-бөлігімен Ж. әкімшілік жауаптылықтан босатылып,  іс жүргізу тоқтатылды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті Шу станциясының желілік полиция бөлімі инспекторы Қ. тарапынан елеулі түрде заң бұзушылықтар орын алғаны үшін оған жеке қаулы қабылданды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

«АТА-АНАЛАР АКАДЕМИЯСЫ»: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОТБАСЫЛАРҒА БІЛІМ МЕН ҚОЛДАУ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Senim Qogamy» қоғамдық...

ҚАЗАҚСТАНДА БОЛАШАҚ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫ ОТБАСЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ДАЙЫНДАЙДЫ

Үйлену тойына әдетте жан-жақты дайындалады, оның ішінде шығындарды есептейді,...

АКАДЕМИЯ РОДИТЕЛЕЙ»: ЗНАНИЯ И ПОДДЕРЖКА ДЛЯ СЕМЕЙ КАЗАХСТАНА

Министерством культуры и информации Республики Казахстан совместно с ОО...

В КАЗАХСТАНЕ БУДУЩИХ СУПРУГОВ БУДУТ ГОТОВИТЬ К СЕМЕЙНОЙ ЖИЗНИ

К свадьбе обычно готовятся подробно, в том числе рассчитывают...

Сот саласындағы қазақ тілі

Қазақстан Республикасының егеменді, тәуелсіз мемлекет екендігін айқындайтын негізгі конституциялық...