12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ӘКІМДІ САЙЛАУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?

14 қырқүйек күні Орталық сайлау комиссиясының отырысында 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізбесін бекітті. Ал аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайлау 5 қарашаға белгіленді.

Мәселе шешімі бір шаблонға сыймайтын, менталитеті шақырым сайын өзгерер, ұлан-ғайыр жері бар мемлекетті бір орталықтан басқару жақсылыққа алып келмейтінін өткен оқиғалар тізбегі анық көрсеткендей. Мажоритарлық сайлау жүйесі (көпшілік дауысы) арқылы әр ауыл, аудан, қала басшыларын тағайындау, болашақ стратегиялық жоспарлар үшін өте маңызды. Әлемдік жағдай және Қазақстанның хал-ахуалы жайлы сарапшылар пікірі екіұдай.

Әкімнің аты дардай, заты жұрдай

Өңірлерді қарасақ аудан әкімдерінің дәрменсіздігін жиі байқаймыз. Әрине, неге деген сауал туындары анық. Сауалымызға Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жауап берді. «Әкімдердің қолында бюджеті жоқ, тиісті деңгейде аудан аумағында әлеуметтік салаларға (білім, денсаулық), коммуналдық шаруашылыққа құзыреті жүрмейді. Бәрі аудан әкіміне мәлім, алайда ауыл шаруашылығы саласына да түрлі бұлақтан ағып келетін субсидияларды, өзге қаржы-қаражатты қарастыруға да қауқарсыз. Өңірде халық таудай тауқыметін арқалап аудан әкімдігіне барады. Ал қолындағы билігінің аты дардай болғанымен, заты жұрдай басшының халық алдындағы абырой-беделі де белгілі. Ауылдық округтердің әкімдері туралы мүлде сөз қозғамай-ақ қоялық. Ал кешегі дәуірде ауданның бірінші хатшыларының даңқы неге дүрілдеді? Себебі, қолында билігі, қаражаты болды. Кез келген мәселеге өздері тікелей араласатын. Елдің бетіне тік қарай алатын», – дейді. Аталмыш саяси шара өз нәтижесін бере ме деген сауалға Жанарбек Әшімжан «Мемлекет басшысының күні кеше Қазақстан халқына бағыттаған жолдауында «Аудан әкімдеріне жергілікті бюджетті басқару құқығын берген жөн деп санаймын. Бұл, ең алдымен, сол жердегі мәселелерді жедел шешу үшін қажет» дегені аймақтағылардың үмітін оятты деп білемін», – деп жауап қатты. Әрине, ел Президенті аймақтарға қатысты саясатта маңызды реформалар жүргізуді 2020 жылы қолға алуды тапсырған еді. Соның нәтижесінде әкімдерді тікелей сайлау жүйесі енгізіліп, әкімшілік реформа қолға алынды. Тіпті, алғаш өткен жергілікті ауыл әкімдерін сайлау үдерісі де оң нәтиже көрсеткенін байқадық.

Үміткерлерге қойылар талап қандай?

Ал көпшілік күткен сайлау барысы қалай өтпек, сол турасын саралап өтсек. ОСК отырысында сайлауға қатысты күн тәртібінде 5 мәселе көтерілді. Отырыстың бірінші мәселесі – сайлауды дайындау және өткізу күнтізбелік жоспарын бекіту туралы болды. Мәселеге қатысты ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады. Баяндамаға сүйенсек толық сайлау шарасы 50 күн ішінде аяқталады. Шаралар тізбегі келесідей: 16.09.2023 – 05.10.2023 (20 күн) аралығында кандидаттық ұсынылады; 16.09.2023 – 10.10.2023 (25 күн) аралығында кандидаттар тіркеледі; 10.10.2023 – 04.11.2023 (24 күн) аралығында үгіт насихат жүреді; 04.11.2023 – 05.11.2023 (1 күн) тыныштық күні; 05.11.2023 дауыс беріледі; 05.11.2023 – 11.11.2023 (7 күн) аралығында сайлау қорытындысы анықталады. Екінші мәселесі аудан, облыстық маңызы бар қала әкімдеріне кандидатқа қойылатын талаптар жайлы болды. Үміткерлерге қойылған талаптар тізбегі келесідей екен: Сайланушы Қазақстан Республикасының 25 жастан асқан азаматы болуы шарт. Сот шешімі бойынша бас бостандығынан айырылған азаматтар сайлауға қатыса алмайды.

Заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсі бар адам әкімге кандидат бола алмайды. Және сайланушының бекітілген лауазым бойынша біліктілігі болуы шарт. Сайлау комиссияларының мүшелерін электоралды оқыту бұл үшінші мәселе. Себебі, біліксіз мамандар өткізген шара мардымды болмасы анық. ОСК мүшесі Сабила Мұстафина осы мәселе турасында сөз сөйледі. Спикер электоралды оқыту орталығымен бірлесіп екі республикалық оқыту семинары ұйымдастырылғанын хабарлады. Оқыту мазмұны әкімдер сайлауын өткізу, алған білімді сайлау кезінде қолдану және заңнаманы түсіндіру жайын қамтыған екен. Спикер сайлау шараларына Орталық сайлау комиссиясы тек тәжірибиелік және теориялық тұрғыда қолдау жасап, процеске ықпал жасамайтынын да баса айтып өтті. Ал әр аймақтың процесі сол аумақтық комиссия жауапкершілігіне кірмек. Сайлауды ақпараттық сүйемелдеу – төртінші мәселе. Конституциялық заңға сәйкес жариялылық пен ашықтық сайлау комиссиялары қызметінің негізі болмақ. Және сайлау заңнамасы бойынша барлық мүдделі тұлғалардың өз шешімдерімен еркін танысуы үшін барлық жағдай жасалады. Ал соңғы бесінші мәселе – сайлауға қатысты арыз шағымдар турасында болды. Мәселеге қатысты ОСК мүшесі Асылбек Смағұлов сөз сөйледі. Спикер сайлауға қатысты кез келген арыз-шағым Конституциялық заңмен және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен реттелетінін жеткізді. Және арызшағым сайлау күніне дейін, не кейін түсетін болса 5 күн ішінде қаралып, сот шешімі шығады. Сайлау күні түскен шағымдар сол күні дереу қаралады. Жылдың маңызды шарасына республикалық емес, жергілікті бюджеттен қаражат бөлінеді. Бұл шамамен 2,2 млрд теңге төңірегінде. Алдағы уақытта бұл сомма қажеттілікке қарай өзгеруі де мүмкін. Сондықтан жаңа Қазақстанға жұдырықты түйіп, тілеулес болып қана отырмай, саяси өмірге белсене араласу бәріміздің міндетіміз екенін ұмытпайық. Елдің болашағы әрқайсысымыздың қолымызда.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Электросамокаттар көлікке теңестіріледі: Жаңа ереже не береді, не шектейді?

Қазақстан қалаларында электросамокатқа міну күнделікті көрініске айналды. Бірі оны кептелістен құтқаратын ыңғайлы көлік деп санаса, енді бірі жаяу жүргінші үшін қауіпті құралға айналды деп есептейді. Соңғы жылдары жол-көлік оқиғаларының артуы, тәртіпсіздік пен жауапсыздық қоғамда қызу талқыланып келеді.

2026 жылы табысты қалай дұрыс декларациялау керек?

2026 жылдан бастап Қазақстанда жеке табысты декларациялау тәртібі бұрынғыдан да өзекті бола түсті. Мемлекет қаржылық ашықтықты арттыру мақсатында азаматтардан табыс көздерін заңды түрде көрсетуін талап етіп отыр.

Олимпиада-2026: Жеңімпаз спортшыға қанша сыйақы беріледі

7 ақпанда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары басталды. Жарыстардың басталуымен бірге қазақстандық спортшылардың сәтті өнері үшін мемлекет тарапынан қарастырылған сыйақы мөлшері де белгілі болды.

Алматыда ақылды көлік жүйесі кезең-кезеңімен енгізілуде

Алматыда цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2026 жыл елімізде ресми түрде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды.

На грани безработицы

ПАРЛАМЕНТАРИИ ПРЕДУПРЕДИЛИ О РИСКАХ РОСТА БЕЗРАБОТИЦЫ И УСИЛЕНИЯ СОЦИАЛЬНОГО НАПРЯЖЕНИЯ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ В СВЯЗИ С ИЗМЕНЕНИЯМИ ПОРЯДКА ОРГАНИЗАЦИИ ОПЛАЧИВАЕМЫХ ОБЩЕСТВЕННЫХ РАБОТ.