Әкімдердің жұмыс мерзімін шектеу: премьер-министр ұсынысқа жауап берді

Премьер-министр Әлихан Смайылов депутаттардың (қазір Мәжіліс таратылды) облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің жұмысына 5 жыл мерзім белгілеу туралы ұсынысына жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың әкімдерін мәслихат депутаттарының келісімі бойынша, Президент тағайындайды. Президент өз қалауы бойынша әкімдерді қызметінен босатуға құқылы.

«Ұқсас нормалар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңда және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарда бекітілген. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әкімдерді тағайындау және қызметтен босату Мемлекет басшысының құзыреті», — деп жауап берді Смайылов.

Еске салайық, қаңтарда Мәжіліс депутаттары облыстар мен қалалар әкімдерінің қызмет ету мерзімінде саяси партияларға мүше болуына тыйым салуды және облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің өкілетін бір 5 жыл мерзіммен шектеуді ұсынған болатын.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...