Әйелдер түрмесінде әдеби кеш өтті

Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемесінде жазасын өтеп жүрген дарынды әйелдер арасында әдеби кеш өтті.

Қазақстанда тұрып жатқан әр түрлі халықтар өкілінен құралған әйелдер, дөңгелек үстел басында достық ниетпен бас қосып “Отаным менің” тақырыбында өз шығармаларын ортаға салды. Туындылар тек ана тілінде ғана емес, орыс, кәріс, ұйғыр, өзбек, татар және басқа да тілдерде үн қатты.

Іс-шара соңында халықтар достастығының айқын көрінісі ретінде дәстүрлі қазақтың дастарханы жайылып, қонақтар мен қатысушылар дәм татты.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...