12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әділдікті ту еткен

Сот жүйесі – адам мен азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуде ерекше орын алатын дербес билік тармағы.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.

Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот iсiн жүргiзудiң белгiленген тәртiбiне қарамастан берiлген сот iстерi бойынша, сондай-ақ соттың құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi сот қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi. Сотқа немесе судьяға құрметтемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Міне осындай ерекше мамандық иесі саналатын судьялар мен сот жүйесі қызметкерлері биыл, екінші мәрте өздерінің заңмен бекітілген  төл мерекесін атап өтті.

1992 жылы 24 маусымда егемендік алғаннан кейін «Қазақ КСР-нің сот жүйесі туралы» заңға алғашқы түзетулер енгізілген заң қабылданды. Ол, Жоғарғы Соттың, облыстық, қалалық, аудандық соттардың сот төрелігін жүзеге асыруын қамтамасыз етті. Аталған заң қабылданғаннан бері 31 жыл ішінде сот жүйесі реформалау мен жаңғыртудың  бірнеше кезеңінен өтті. Бүгінде ел басшылығы жүргізіп отырған реформалардың аясында отандық сот жүйесі үздік әлемдік стандарттарға сай даму үстінде.

Заман талабына сай жаңа заңдар қабылданып, игі бастамалар қолға алынды. Жаңа заңдар азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, лауазымды тұлғалардың теріс қылықтарынан  қорғауды күшейтті, сот төрелігі мен сот қызметкерлерінің сапасын арттыруға жағдай жасап, сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтты деуге болады.

Сот жүйесін одан әрі жетілдіру шеңберінде, сот сатысының үш буынды жүйесі енгізілді., алқабилер институты, мамандандырылған соттар құрылып, сот беделі арта түсті. «Медиация туралы» заң қабылданып, түрлі дауды шешудің баламалы әдістері қолға алынды. Өткен жылы әкімшілік әділет институты құрылып, жариялы-құқықтық дауларды шешудің нақты тәртібін белгілеп берді.

Бұдан басқа, сот жүйесінде  заманауи ІТ-технологиялар мен сот сервистері қолданысқа енді. Осындай сандық технологиялар қашықтықтан сот отырыстарын өткізуге, сотқа келмей-ақ талап қою, арыз-өтініштерін беруге жол ашты.

 Осылайша сот жүйесінде заманауи технологияларды пайдалану, сот ісін жүргізуді жеңілдетіп ғана қоймай, төрешілдік кедергілерді қысқартты, сот органы қызметкерлерінің азаматтармен байланысын азайтты. Бұл халықтың уақыты мен қаражатын үнемдейді, еліміздің халқы үшін сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігіне жетуге мүмкіндік береді.

Сот жүйесіндегі орын алып жатқан өзгерістердің барлығын бір мақаланың көлеміне сыйғызу мүмкін емес. Дей тұрғанмен,  тәуелсіздік алған жылдан бастап сот жүйесінің үздіксіз жаңғыртылуының негізгі мақсаты —  еліміздегі азаматтардың құқықтарының қорғалуы мен халықтың сот жүйесіне деген сенімін арттыруда екенін  біле жүрген абзал.

Тарихта аты мәлім үш жүздің билері «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген ұстанымнан ауытқымай, қазақтың кең даласында әділдік пен адалдықты баға жетпес құндылыққа айналдырды. Біз  рухани дәрежесі биік, ар-ұятты бәрінен жоғары қоя білген осындай дана билердің ұрпағымыз, олардың ізін жалғаушымыз. Әділет,  ар өлшемі секілді қастерлі ұғымдар біздің қанымызға, сүйегімізге сол ықылым заманнан сіңгендіктен,  санамыздан ешқашан өшпеуі тиіс.

Сондықтан  басқа жұртқа қарағанда біздің қоғамда судья мәртебесі, сот төрелігі, сот жүйесі қызметкерлерінің абырой беделі, моральдық бейнесі бәрінен биік болуы тиіс.

Ақ пен қараны таразылап,  алдарына әділдік іздеп келген адамның мұң-мұқтажын мұқият тыңдап, терең талдап шешім қабылдайтын, яғни  заңдылық пен әділдік үшін күресе отырып, заң талаптарын бұлжытпай орындау, халықтың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын қорғау, олардың сотқа деген сенімін жоғалтпау, сол сенімнен шығу әрбір судьяның абыройлы міндеті болып қала бермек.

Айдын Байназаров,

Атырау облысы

Қызылқоға аудандық

сотының төрағасы

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...