Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі заңбұзушылықтың алдын алуға бағытталған

Бүгін Әдеп жөніндегі кеңестің (бұдан әрі – Кеңес) кезекті отырысы өткізілді, онда қызметтік әдеп нормаларын сақтамау белгілері бойынша Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары А.С.Сайлаубайға қатысты тәртіптік іс қаралды.

Қызметтік тергеуді қозғауға азаматтар Б.Жомарт пен К.Кенжалиевтің өтініштері негіз болды.

Отырыс Департамент ғимаратында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тәртіптік іс бойынша мүдделі тұлғаларды шақыра отырып өткізілді.

Нәтижесі бойынша Әдеп жөніндегі Кеңестің шешімімен А.С.Сайлаубайға қатысты тәртіптік іс оның іс-әрекеттерінде қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың болмауына байланысты тоқтатылды.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелерімен Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қатысты келіп түскен шағымдарға жүргізілген талдау қорытындысы тыңдалды. Тыңдау қорытындысы бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына мемлекеттік органға қатысты шағымдардың түсуін азайту жөнінде шаралар қабылдау ұсынылды.

Сонымен қатар, Кеңесте мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау бойынша талдау нәтижелері де тыңдалды. Талдау жүргізуге Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әлеуметтік кепілдіктер мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау туралы келіп түскен хаты негіз болып табылды.

Талдау көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілердің демалысқа уақытылы шығу және жергілікті атқарушы органдардың тиісті әлеуметтік төлемдерді алуы бөлігінде әлеуметтік кепілдіктері сақталады, қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзушылықтар жоқ.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер құқықтарының жекелеген бұзушылықтары анықталды. Жүргізілген талдау қорытындылары мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтамаудың себебі заңнама талаптарын білмеу, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жауапты лауазымды тұлғалары тарапынан тиісті бақылаудың болмауы болып табылатынын көрсетеді.

Кеңестің отырысы қызметтік әдептің сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру кезінде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің нәтижелерін тыңдаумен аяқталды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы

С.Т. Умбеталиев

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...