Ұлытау облысында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Ұлытау ауданының Жезді кентінде 160 орындық заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы толық аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Ашылу рәсіміне Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, өңір тұрғындарын жаңа спорт нысанының іске қосылуымен құттықтады. Өңір басшысы өз сөзінде бұл нысан Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және салауатты ұлт қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік саясатының нақты нәтижесі екенін атап өтті.

— Бұл спорт кешені – ел дамуының стратегиялық басымдықтарының бірі саналатын бұқаралық спортты дамыту мен қолжетімді спорт инфрақұрылымын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам. Президентіміз халық денсаулығын нығайту мәселесіне әрдайым ерекше мән беріп келеді, — деді облыс әкімі.

Қос қабатты спорт кешенінде баскетбол және волейбол ойындарына арналған әмбебап спорт залы, көрермендерге арналған орындар, әкімшілік кабинеттер мен арнайы қосалқы бөлмелер қарастырылған. Жаңа нысан тұрғындардың спортпен тұрақты түрде айналысуына және бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін Ұлытау облысында бірқатар спорт нысандарын пайдалануға беру жоспарланған. Атап айтқанда, Жезқазған қаласында есу спортына арналған спорт кешені, Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде 210 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені, сондай-ақ Ералиев ауылында ангар үлгісіндегі жылдам салынатын спорт кешені ел игілігіне берілмек

Әкімшілік жазаның мақсаты – жазалау емес, тәрбиелеу

Қоғамдағы құқықтық тәртіпті сақтау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі....

Абай университетінде Ғылым декадасының салтанатты жабылу рәсімі өтті

Бүгін Абай университетінде «Ғылымдағы цифрлық серпіліс: жасанды интеллект дәуірі»...

Тәуелсіздік – мемлекеттік тіл тірегі

Тәуелсіздік - құндылығы жоғары қастерлі ұғым. Тәуелсіздік - елдің...

Судьялардың әдеп стандарттары

Құқықтық мемлекетте сот билігінің беделі мен тиімділігі судьялардың кәсіби...

Апостиль: халықаралық құжат айналымының кепілі

Халықаралық құқықтық қатынастардың дамуына байланысты бір мемлекетте берілген ресми...