12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлы Абай – би әрі дала заңгері

Кез келген халықта рухани және өнегелік ұстанымдары болады. Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы қазақ халқының ой-санасындағы осындай іргелі ұстынымдардың бірі болып табылады.

 Ел Президенті Қ.К.Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ұлы ақын мұрасының өзектілігін нақты атап өтті.  

Абайдың 15 жасынан бастап сот талқылауларына қатыса бастағаны мәлім. 20 жасында от ауызды, орақ тілді шешен және дала әдет-ғұрыптарын жетік білетін ділмар атанады. Кейіннен көп жылдар бойы би болып, болыс қызметін атқарды.

Абайдың бірнеше рет уездердің өкілдері арасында делдал-бітімгер, яғни Төбе би болып сайлануы – оның беделді би болғандығының бірден-бір дәлелі.

Би ретінде істі қарау кезінде Абайдың әдет — ғұрып құқығын жетік білетіні танылды, ол істі егжей-тегжейлі қарауға және оған әділ төрелік айтуға тырысты. Сонымен қатар Абай шын мәніндегі айыптыларды анықтауға бекінді, ол әрекеті қайбір кісілерге, әсіресе, өзінің атағына немесе дәулетіне арқа сүйеп, жас бидің тарапынан жылы қабақ дәметкен бай-шонжарларға аса ұнай қоймады. 

«Абай билердің шартты түрде сайланбай, талантымен бағаланатын ескі заңы кезінде өмір сүрсе, – деп жазды Ә.Бөкейханов, – артистер мен жазушылардың даңқы сияқты атақты би атанар еді. Ислам дінінің далаға орнығуының пайда-зиянына орай жаңа заманның талабымен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін кітап арқылы үйренеді. Табандылығы мен бейімділігінің нәтижесінде өз бетімен араб, парсы тілдерін еркін меңгеріп, қасиетті біліммен сусындады». 

Абай өз заманында заң шығарушы ретінде де танымал болды. Демократ, жаңашыл ақын әдет-ғұрып құқығы реформасының жобасын ұсынды. Оны Орта жүздің барлық ру басылары қолдады. Сол уақытта халық арасында айтыс-тартыс жиілеп кеткен болатын, сондықтан Ресей империясының заңдарына және билер сотының жұмысына қайшы келмейтін нормаларды қабылдау өзекті болды. Осыған орай, патшалық биліктің өкілдері билер съездеріңде көпшілік дауыспен Ережелер қабылдатқызып, оларды дала құқығының бір қайнар көзі болып табылуына әсер етті. Қазақ құқығының патриархы академик С.З.Зиманов жетекшілік еткен зерттеу жобасының орындаушылары бір ғана қазақ және орыс тілдерінде жазба мәтінде Ережені тапты.

Ол 1885 жылы Шар өзені бойындағы Қарамола деген жерде өткен төтенше билер съезінде бірауыздан қабылданды («Шар ережесі» аталу себебі осыдан). Бұл құжаттың екінші атауы – Қарамола жарғысы («Қарамола ережесі»), сондай-ақ, кейбір орыс тілді басылымдарда ол қарапайым қазақтарға арналған Кодекс ретінде келтіріледі. Құқық тарихын белгілі зерттеуші Ш.Андабеков архивтен алынған мәтінге сүйеніп, бұл құқық ескерткішін «Қарамола Ережесі» деп атауды жөн көреді.

Қарамола Ережесінің әзірлеушілердің бірі Абай Құнанбаев екенін белгілі ғылым Қ.Дәуітәлиев жан-жақты қарастырып дәлелдеген.

Құжаттың түпнұсқасы 1886 жылы Семей әскери губернаторының бұйрығы бойынша Императорлық Қазан университетінің баспаханасында араб жазуымен басып шығарылған және Қазан мемлекеттік университетінің Н.И.Лобачевский атындағы кітапханасында сақталған.

Қазақстандағы мұрағаттарда да, кітапханаларда да бұл құжат ешқашан сақталмаған. Абай мұражайының қорында 1959 жылы ҚазССР Ғылым академиясының қызметкері жасаған кириллицадағы, машинамен терілген көшірме ғана болған.

Абай құрастырған Ереже 74 баптан тұрады (1993 жылда «Абай» журналының №1 санында басылған нұсқасында 73 бап), ол қазақ халқының арасындағы қылмысты болдырмауға бағытталған.

Бұл әдет-ғұрып құқығы ескерткіші егжей-тегжейлі талдау жасауды қажет етеді. Әйтсе де оның бірқатар маңызды тұстарына тоқталуға болады. Жетінші бапта дауды қарау орнын белгілеуді келісу үшін екі басқа уездерге тиесілі әдет-ғұрып құқығы бойынша тараптардың құқығы танылды. Әдет-ғұрып құқығының бұл Ережесі XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы мемлекеттік сотқа қарағанда, даудың қаралатын жері туралы және тіпті дау негізге алына отырып қаралатын құқық туралы тараптардың келісу мүмкіндігін көздейтін қазіргі заманғы аралық соттар мен халықаралық төрелік қағидаттарына жақын.

Абай заңдарының гуманистік сипаты бірқатар мақалаларда көрініс тапқан. Ереже халықты тәрбиелеуге және оның өзара көмек көрсетуін, қиын жағдайға тап болғанда, қол ұшын созуға ынталандыруға бағытталған. Мәселен, 35-бапқа сәйкес, суға батып бара жатқандарға, боран һәм суықта сол сияқты жағдайларда болысып, көмек етпегендер «бас тоғызбен» айыпталады. Ереженің бірқатар баптарында оның жалпы әлеуметтік бағыты да көрініс тапқан. Мысалы, 36-бапта мал өлімін тоқтатпақ үшін жасалған үкімдер бойынша жахат қылмағандарға, арық бұзғандарға, көпір, құдық бұзғандарға және басқа да қоғамдық қажетті құрылыстарды бүлдіргені үшін жауапкершілік қаралды.

Бұл нормативтік құжатта қазақ халқын патша әкімшілігінің қысымшылығынан қорғауы керек болған – өз соттары, өз заңдары, делдалдар және ант берушілер ретінде молдаларды тарту, «қырғызша» метрикалық кітаптар жүргізу, сотта кәсіби адвокаттардың билерін мойындамау, ал сенімді тұлғалар ретінде – орыс және татарларды болдырмау (сол уезден сенімді қазақтарға рұқсат етілген) және т. б. ережелер көзделген.

Жалпы, Абай әзірлеген құқықтық құжаттың келтірілген және басқа да көптеген ережелері қоғамдық қатынастарды реттеу, әдет-ғұрып құқығы мен Ресей заңнамасының жекелеген нормаларын синтездеу бойынша кешенді міндеттерді шешуге, сондай-ақ халықтың әділеттілігі туралы адамгершілік нормалар мен түсініктердің әлеуетін құқықтық реттеуге тартуға ықпал етті.

Абайдың сол заманда қолданыста болған заңдарды зерделеуі және оның шығармаларындағы ол жөніндегі сыни көзқарасы, сол тұстағы істің жағдайын өзгерту туралы ұсыныстарымен ұштасып жатыр.

Ақтөбе қаласының мамандандырылған

тергеу сотының судьясы

Исаналина Жанар Советқызы

АЗАРТНЫЙ МОШЕННИК

В Туркестанской области полицейские Сайрамского района задержали мужчину, подозреваемого...

Экологическая культура

В рамках республиканской экологической инициативы «Таза Қазақстан» состоялась очередная...

Сердце матери

В центральной районной библиотеке Аягозского района области Абай прошла...

Кассациялық соттарды құру – қоғам қажеттілігі

Сот жүйесіндегі жүргізілген реформалар, судьялар тауелсіздігі мен сот әділдігін...