Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азиядағы жас дизайнерлерге арналған ең беделді байқаулардың бірі – «Next Designer Award empowered by Visa» финалистерінің жұмыстарын ұсынатын ауқымды жоба.

Бұл – жай ғана экспозиция емес. Бұл –дизайнерлердің жаңа буынының қалыптасу сатылары туралы баяндайтын  көркем шежіре. Көрмеде алғашқы батыл тәжірибелер мен өзіндік қолтаңбаны іздеуден бастап, айқын авторлық мәнері қалыптасқан, тұжырымдамалық тұрғыда жүйеленген әрі аса талғампаз аудиторияның ықыласына ие болған табысты топтамаларға дейінгі шығармашылық эволюция  көрініс табады.

Көрме киім дизайнын өнердің бір түрі, мәдени ой-толғамның көрінісі ретінде танытады. Сән, заманауи өнер және өңірлік болмыс тоғысқан кеңістікте Орталық Азия сәні дербес, кемелденген әрі мәні зор мәдени-арт құбылыс ретінде ашылады.

Пішін мен силуэт, текстура мен түс, матаның иірімі мен ұсақ бөлшектер – барлығы мағынаға ие болып, уақыттың, қоғамның және автордың ішкі еркіндігінің көркем жиынтығына айналады.

Жоба «Next Designer Award empowered by Visa» аясында жүзеге асырылуда. Бастамашысы – Visa Fashion Week және «Next Designer Award empowered by Visa»-ның бас директоры Бауыржан Шадибеков.

Көрме 2026 жылғы 18 наурызға дейін жалғасады.

Сіздерді музей кеңістігінде сән, өнер және мәдени болмыс туралы шабытты сұхбаттың бір бөлігі болуға шақырамыз.

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...

«Адам құқықтары» тақырыбында эдвайзерлік сағат өткізілді

Қазіргі қоғамда адам құқықтарын құрметтеу және қорғау – өркениетті...

Жастардың дамуына көп күш салынып жатыр: нәтиже қандай?

Жастар – ел дамуының басты күші Қазіргі қоғамда жастар елдің...

Жеке сот орындаушысы – заң үстемдігін қамтамасыз ететін маңызды мамандық

Қоғамда заңның үстемдігін қамтамасыз ету, сот шешімдерінің орындалуын жүзеге...