«Ұлттық кітап күніне» орай тағылымы терең, мәні зор іс-шара өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №21 мекемеде «Ұлттық кітап күніне» орай тағылымы терең, мәні зор іс-шара өтті. Мекеме қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сотталған азаматтар Абай атындағы кітапхана кітапханасына арнайы экскурсияға барып, рухани байлықтың қайнар көзімен жүздесті.

Экскурсия барысында қатысушылар кітапхананың бай қорымен танысып қана қоймай, өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпірді сезінді. Әсіресе көне кітаптар қоры мен сирек басылымдар әр адамды терең ойға жетеледі. Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлы шығармаларымен танысу – қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Абай мұрасы арқылы адамгершілік, білімге ұмтылу және өзін-өзі жетілдірудің маңызы кеңінен түсіндірілді.

Кітапхана қызметкерлері шетел әдебиеттер қорын да таныстырып, әлемдік рухани қазынаның есігін ашты. Бұл – әр адамның ой-өрісін кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жетелейтін маңызды қадам.

Мұндай шаралардың мәні – тек таныстыру емес, ол – өзгеріске бастар жол. Кітап – адамның ішкі жан дүниесін байытып, жаңа өмірге деген сенімін оятатын күш. Бүгінгі экскурсия – соның айқын дәлелі.

Рухани дамуға ұмтылған адам үшін кітап әрдайым сенімді серік. Ал кітаппен табысқан жан – өз өмірінің жаңа парағын ашуға қадам жасайды.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...