Ұлттық экономика министрі: ҚҚС енгізілсе де, баспана қымбаттамайды

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте келесі жылы ҚҚС енгізілуіне байланысты тұрғын үй бағасының қымбаттауы күтілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистер вице-премьерден: «Тұрғын үй бағасы шегіне жетті ме? 2026 жылы ҚҚС-тың ықтимал енгізілуі аясында баспана құны өсе ме?» деп сұрады.

Мен болжам жасағым келмейді, нарықтағы мінез-құлыққа әсер еткім келмейді. Жалпы алғанда, нарық өздігінен өсіп келеді. Биыл тұрғын үй бағасы айтарлықтай өсті: бастапқы да, қайталама нарықта да өсім екі таңбалы болды. Бұл, ең алдымен, сұраныс пен ұсыныс сияқты нарықтық факторларға байланысты, – деп мәлімдеді вице-премьер.

Сондай-ақ ол теңге бағамының әлсіреуі тұрғын үй нарығына әсер етуі мүмкіндігін жоққа шығармады.

Теңге бағамының әлсіреуі де белгілі бір деңгейде әсер етуі мүмкін. Себебі жылжымайтын мүлік әрдайым инвестиция үшін «тыныш айлақ» болып саналады. Бұл әсіресе өз қаражатын инвестициялаудың өзге тәсілдерін қолданбайтындарға қатысты. Бұл – көпфакторлы модель, – деді Серік Жұманғарин.

Радикализм: угроза нацбезопасности?

МАЖИЛИСМЕНЫ ПРИЗЫВАЮТ К РЕШИТЕЛЬНОМУ ПРИНЯТИЮ МЕР ДЛЯ ЗАЩИТЫ НАЦИОНАЛЬНЫХ...

Қазақстандағы негізгі ҰБТ кезеңі қашан басталады?

Қазақстанда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 11-25 сәуір аралығында өтеді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында ауа райы бұзылады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылған 

Алматыда 8 күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді.

Әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грекияда 15 жасқа толмаған пайдаланушылар үшін әлеуметтік желілерге кіру шектелуі мүмкін.