Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №10 мекемеде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған мәдени-рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекелік кешке арнайы шақырылған домбырашы қатысып, қазақтың төл өнері – күйдің тарихы мен тағылымы туралы мазмұнды әңгіме өрбітті. Оның орындауындағы күйлер кешке ерекше рухани атмосфера сыйлап, көрермендерді ұлттық өнердің терең болмысымен қауыштырды.

Іс-шара барысында сотталған әйелдер де белсенділік танытып, ұлттық нақыштағы киімдер киіп, домбырамен халық күйлері мен әндерін орындады. Қазақ халқының салт-дәстүрі, өнері мен мәдениетін насихаттайтын сахналық көріністер ұсынылып, сөз сайысы мен ұлттық өнер элементтері көрініс тапты. Бұл мерекелік бағдарламаның мазмұнын байытып, қатысушылардың ерекше ықыласына бөленді.

Кездесу барысында домбыраның қазақ халқы үшін тек музыкалық аспап қана емес, ұлттың рухын, тарихы мен болмысын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін қасиетті мұра екені кеңінен айтылды. Осындай тағылымды шаралар ұлттық құндылықтарды дәріптеумен қатар, сотталғандардың рухани дүниесін байытып, олардың мәдени ортаға бейімделуіне және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға оң ықпал етеді.

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінде сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Ұлттық домбыра күніне арналған бұл іс-шара да ұлттық мұраны насихаттап, рухани тәрбиені нығайтудың жарқын үлгісіне айналды.

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Түлектер шеруі – 2026

2026 жылғы 26 маусым күні Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі...

Сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...