12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫ ЖАҚСАРСА, ҚОҒАМ ОРНЫҚТЫ ДАМИДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы. Бұл бастама аясында ауылдық елді мекендерде жаңа медициналық нысандар салынып, заманауи құралдармен жабдықталып, халықтың алғашқы медициналық көмекке қолжетімділігі артып келеді.

Осы жобаның нақты нəтижесі ретінде Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданына қарасты Шағырлой ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) іске қосылды. Ауыл тұрғындары үшін маңызды бұл оқиғаға облыс əкімі Нариман Төреғалиев арнайы қатысып, жаңа нысанның ашылуымен жергілікті жұртты құттықтады. – Президентіміз Қ.Тоқаев өз жолдауында: «Еліміздің басты құндылығы – адам. Ұлт денсаулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» деп атап өткен болатын. Бүгінгі ашылып отырған медициналық пункт – осы сөздердің нақты іске асқанының дəлелі. Бұл нысан ауыл халқының, əсіресе аналар мен балалардың саулығын нығайтуға өз үлесін қосады деп сенемін, – деді аймақ басшысы Нариман Төреғалиев салтанатты шарада сөйлеген сөзінде. Жалпы, 2023–2025 жылдары аралығында Батыс Қазақстан облысында 50 жаңа медициналық нысан салу жоспарланған болса, Шағырлой ауылында ашылған ФАП – солардың 45-шісі. Бұл – ауылдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудағы жүйелі жұмыстың нəтижесі. Жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттің жалпы аумағы 260 шаршы метрден асады. Нысан заман талабына сай медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда күніне 40 адамға дейін қабылдау мүмкіндігі бар. Ғимарат жарық, кең əрі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай салынған. – Бұрын қарапайым тексеруден өту үшін аудан орталығына баруға тура келетін. Енді бəрі өз ауылымызда шешілетін болды. Жаңа ғимарат өте ыңғайлы, дəрігерлерге бару жеңілдеді. Осындай қамқорлық көрсетіп отырған Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз, – дейді ауыл ардагері Сағидоқас Бақтығалиев. Ауылдық медициналық инфрақұрылымды дамыту – тек медициналық қызмет сапасын арттыру ғана емес, сонымен қатар шалғайдағы тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған үлкен əлеуметтік бастама. Осындай жобалар арқылы ауылдардағы халықтың мемлекетке деген сенімі нығайып, əлеуметтік əділеттілік пен тең мүмкіндік қағидаттары нақты іске асуда. Бүгінде ауыл – ел руханиятының, мəдениеті мен тарихының негізі. Ауыл тұрғындарының денсаулығы мен əл-ауқатына көңіл бөлу – мемлекет дамуының басты басымдықтарының бірі болғандықтан өңірде бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек.

Айгерім ҒАЛЫМ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...