Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №11 мекемеде, кәмелеттік жасқа толмаған жазасын өтеушілер арасында, ұстаздар күні аталып өтті. Салтанатты шараны ҚАЖД-нің САӘПТЖБ аға инспекторы әділет майоры Джамнгулова Алия Маратовна және мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Нуржанова Гүлшат Ықласқызы құттықтау сөздерімен бастап, ұстаздар қауымының болашақ жазалы жасөспрімдерді оқытып, тәрбиелеудегі еңбегінің маңызы зор екенін айтты. Ұстаздарды Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті бастығы полиция генерал-майоры Қ.С. Дәлбеков атынан және мекеме бастығының атынан алғыс хаттармен марапаттады.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп халық даналығында айтылғандай, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп отырған ұстаздардың еңбегі орасан зор дейді мекеме бастығы. Мекемеде 11-ұстаз қызмет атқарады. Олардың басқа мұғалімдерден ерекшелігі жазасын өтеуші балалармен жұмыс жасайды. Оқу –тәрбие ісінің меңгерушілері Алиева Айзада Абдимадиевна және Алмазова Людмила Васильевна қазіргі уақытта 25 оқушы мектепте оқып жатқанын оларға білім беретін ұстаздар ұзақ жылыдар бойы тәжірбиесі бар ұстаздар екенін атап өтті.
Сонымен қатар №11 мекемесі аумағында ҚР ҚМ «№02 кәсіптік-техникалық мектебі» ММ жұмыс істейді. Құрылыс ағаш ұстасы», «Механикалық-құрастыру жұмыстарының слесары», «Металл бойынша токарь» топтарында 24-жазасын өтеуші оқиды. 12-ұстаздар жұмыс жасайды. СЕҰТ аға инспекторы әділет капитаны Толунай Низамова кәсіптік мектеп ұстаздарын Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы атынан «Алғыс» хатармен марапаттады.
Іс шараның соңы мекеме САӘПТЖБ бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна ұстаздар ұжымына жазасын өтеуші жасөпірімдерің атынан ізгі тілектермен алғыс айтып, ұстаздарды құттықтап шағын концерттік бағадарламамен аяқтады.
№11 мекеме Жеңісхан Еркегүл


