“Батырларға мәңгілік естелік”- осы сөздермен шара жүргізуші сотталған П. бастады. Соғыс миллиондаған адамның өмірін қиды, жазықсыз адамдардың тағдырын талқандады. Сотталғандар әскери әндер шырқап, би биледі, викторина өткізілді. Шара соңында ҚР ІІМ ҚАЖК № 3 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры М.Н. Жакишев құттықтау сөз сойледі — “ Жеңіс күні- баршаға ортақ ең жарқын, ең қымбат және ең сүйікті ұлттық мереке: ардагерлерге, олардың балаларына, немерелері мен шөберелеріне. Бұл әр отбасының тарихының бір бөлігі. Баршаңызға денсаулық, жарқын күн, жылулық, тыныштық және үйге тезірек оралуларыңызды тілеймін”.


