«Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай мерекелік іс-шара өтті

Наурыз мейрамы ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Наурыз мейрамы 22 наурыз күні аталып өтіледі. Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Осыған орай 2023 жылдың наурыз айында Алматы қаласы бойынша ҚАЖ департаменті №13 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен мекеме сотталғандарына арнап «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізілді. Дәстүрлі ұлттық ойындар Кір көтеру, Арқан тарту, Асық ату тағы басқа ойындар ойнатылды. Ойынға белсенді қатысқаны үшін жүлделі орындарға ие болған сотталғандар мекеме басшысының грамотасымен марапатталды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киіп бір–бірімен қол алысып, амандасып төс қағыстырып жақсы тілектер айтылған. Осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып арылған. Осындай «Наурыз» мерекесі туралы түсінік сотталғандар арасында насихат жасалды. Мерекеге арнап жеті түрлі дәннен мекеменің асханасында мерекелік «Наурыз көже» дайындалады. Өткізілген іс-шараға сотталғандарға жақсы әсер берді, бір — біріне ізгі тілектерін айтып, мерекемен құттықтады.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...