ҰАТ қатысушылары Алматы облысының колониясына барып қайтты

Алматы облысының ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖ қарасты №14 мекемесіне барды.

ҰАТ өкілдері Денис Әлімбеков, Гүлжахан Абдуллаева және Қанатбек Жолдасбаев мекемеде ұсталған сотталғандардың тұрмыстық жағдайымен танысты.

Сондай-ақ, әкімшілік ғимаратты, режимдік корпустарды, медициналық бөлімді және өндірістік аймақты аралау жүргізілді.

Кезекті рет жазасын өтеп жатқан сотталғандарды қабылдау шарасы өтті.

ҰАТ қатысушылары сотталғандармен әңгімелесуде шағымдар мен арыздардың түспегенін, азаптау және ар-намысты қорлайтын басқа да өтініштерді анықталмағанын атап өтті.

«Алматы облысы мен Жетісу облысының мекемелеріне ҚБК, ҰАТ және басқа да құқық қорғау ұйымдарының келуі тұрақты негізде өтеді. Бұл өз кезегінде мекемелердегі ашықтық пен заңдылықты көрсетеді»,- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жаныбек Қосжанов.

АЛАШТАНУШЫ МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ – 80 ЖАСТА

Абай университетінде тарихшы-ғалым, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының...

АҚШ-тан бекер қайтып келген жоқ»: танымал заңгер туралы тың дерекпен бөлісті

Белгілі заңгер әрі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек «Нұр Отанның»...

«Нұр Отанның» бұрынғы идеологы 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында Б., К. Н.-ға қатысты...

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан: задачи и перспективы

Цифровизация ювенального правосудия в Республике Казахстан направлена на создание...

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

Тіл – ұлттың рухани тірегі, тарихи жады мен мәдени...