«Үздік психологиялық газет» байқауы өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемесінде мекеменің тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің психологтары сотталғандар арасында «Үздік психологиялық газет» байқауын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сотталғандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, психологиялық ой-өрісін кеңейту, ұжымдық жұмыс дағдыларын қалыптастыру және жағымды эмоционалдық ахуал орнату.

Байқау барысында қатысушылар психологиялық тақырыптардағы қабырға газеттерін дайындап, онда күйзелісті жеңу жолдары, өз-өзіне сенімділікті арттыру, отбасылық құндылықтар, салауатты өмір салты және адамгершілік қасиеттер туралы мазмұнды материалдар ұсынды.

Қазылар алқасының шешімімен үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
– Осындай тәрбиелік маңызы зор шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың ішкі жан дүниесіне оң әсер етуге және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді, – деп атап өтті мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Нұрболат Сапарғалиев.

Жаңа өмірге бастар мүмкіндік

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында сотталған әйелдерге бостандыққа шығуға...

ЕҢБЕК – ЖАҢА ӨМІРГЕ БАСТАР ЖОЛ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын...

Құқықтық қолдау және ресоциализация: «Антарес» қоғамдық қоры сотталған әйелдермен кездесу өткізді

Әлеуметтік бейімдеу және құқықтық ағарту бағдарламасы аясында «Антарес» қоғамдық...