12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҮМІТ ҮЗІЛМЕСІН

Қоғамда ең ауыр тақырыптардың бірі балалар арасындағы суицид. Бұл туралы айту қиын. Бірақ мәселені көтеру – міндет. Өйткені үнсіз қалған сайын, бір баланың үміті өшіп, өмірі үзілуі мүмкін.

Мəселен, Ақтөбе облысында бір мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Сабақтан кейін үйіне қайтпай, көпірге барған оны мектеп психологы мен сынып жетекшісі іздеп тауып, аман алып қалған. Сол қыз бала бүгін мектепке барып жүр, бірақ оның «мен шаршадым» деген үні əлі де құлақта жаңғырып тұр. Психолог Жанар Сағындықтың айтуынша, көп жағдайда ата-аналар баласының күйзелісін байқамайды: «Балалар ашық айтпайды. Оларды тыңдау керек. Сұрақ қоймай, жанында болу басты көмек. Махаббат пен мейірімді сезіну олардың ең үлкен қорғаны» Жастар ресурстық орталығының дерегінше, 2023 жылы елімізде 1300-ге жуық жасөспірім психологтың көмегіне жүгінген. Олардың 60 пайызында суицидке бейім ойлар болған. Бұл статистика дабыл қағарлық жағдай. Соңғы жылдары Білім министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірлесіп, мектеп психологтарының жүктемесін азайтып, қайта даярлау курстарын енгізді. Мысалы, «Bala Qorgau» бағдарламасы аясында 2000-нан астам маманға суицидтің алдын алу бойынша тренингтер өткізілген. Алайда мектеп психологтарының саны əлі де жеткіліксіз. Кей мектептерде бір психолог 600-ден астам оқушымен жұмыс істейді. Бұл – сапалы жұмысқа үлкен кедергі. Түркістан облысында іске асып жатқан «Тыныш жүрек» жобасы арқылы əр ауыл мектебіне аптасына екі рет арнайы маман жіберіледі. Балалармен арт-терапия, психодрама, сурет жəне жазу арқылы жұмыс жүргізіледі. Бұл тəсіл, əсіресе, тұйық, ішкі күйзелісі көп балаларға көмектесіп отыр. Балалар неге үндемейді? Өйткені сенбейді. Тыңдайтын құлақ жоқ. Үнемі ұрысып, талап ететін ортада бала ішіне тығылады. Сол үнсіздік ішінде үлкен дауыс тұншығып жатады. Ол дауыс «көмектесші» деп жалынып тұрған жан айқайы. Сондықтан балаға бірінші кезекте психолог емес, қамқор орта керек. Мейірімді ата-ана, түсіністі ұстаз, жанашыр қоғам – осы үшеуі болса, баланың өмірге құлшынысы оянады. Суицидтің алдын алу үшін дəл осы қарапайым шындықты ұмытпауымыз керек.

Самал АСҚАР

Алматыда полицияның идеологиясы талқыланды

Алматыда ІІМ Мақан Есболатов атындағы Академияда «Қызметтік идеология: тәртіп,...

Сотта өкілдік ету үлкен жауапкершілік жүктейді

Конституциямен айқындалғандай, әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандығын, заңды...

Қазақстандықтар көлік тарихын «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы тексере алады

      Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және олардың сапасын арттыру мақсатында...

Платформа инклюзивного образования

В ОКТЯБРЕ Г. АЛМАТЫ ПРИМЕТ ПЕРВЫЙ ВСЕМИРНЫЙ КОНГРЕСС ПО...