Үржар аудандық пробация қызметінен жасырынган жазасын өтеуші Алматыдан ұсталды

Ол Үржар аудандық пробация қызметінің есебіне келмеген.

Пробация қызметінің қызметкерлері пробация қызметінің бақылауынан әдейі жасырынған жазасын өтеушіге іздестіру жұмыстарын жүргізген.

Осылайша жазасын өтеуші Алматы қаласынан ұсталып, қазіргі таңда жазасын бас бостандығынан айыру үшін құжаттар сотқа дайындалуда.

«Пенитенциарлық жүйенің қызметкерлері криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздеуде жүрген адамды ұстау бойынша жұмыс жүргізді. Сот үкімімен бостандықта түзелу мүмкіндігі берілген есепке алынған тұлға пробация қызметіне тіркелу үшін келуге, тұрғылықты жерінің өзгергені туралы, сондай-ақ тұратын жерінің шегінен тыс жерге жоспарланатын сапарлар туралы хабардар етуге міндетті. Алайда, сотталған сот үкіміне қарамастан, жазаны өтеу шарттарын бұзды және жазаны өтеуден жалтарды, деді Үржар пробация қызметінің бастығы Данияр Танысбаев.

Развитие предпринимательства

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Шаңырақ күні – отбасы жылуының көрінісі

Шаңырақ күні аясында отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында мекемеде ерекше...