Қызылордада үш сотталған рақымшылықпен босатылды

Бүгін Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ҚАЖ департаментінің №37 мекемесінен үш жазасын өтеуші «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң аясында бостандыққа шықты.

Бостандық алғандардың бірі – алаяқтық бабымен 1 жылға бас бостандығынан айырылған ер адам. Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеп жатқан болатын. Қызылорда қалалық №2 сотының қаулысымен оның қалған 5 ай мерзімі рақымшылыққа сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды.

– Жасаған қылмысыма өкінемін. Рақымшылық заңы бойынша бостандыққа шықтым – бұл мен үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Ендігі мақсатым – отбасыммен қауышып, заң талаптарын бұзбай, жұмысқа орналасып, балаларымды дұрыс тәрбиелеуге бар күшімді салу, – деді босатылған азамат.

№37 мекеме бастығының орынбасары Нұрлан Мұхтаровтың айтуынша, аталған рақымшылық заңы мекемеде жазасын өтеп жатқан 79 сотталған тұлғаға қолданылады. Оның ішінде жетеуі толық босатылуға, қалғандарына жаза мерзімін қысқартуға жатады.

– Бүгінгі күні үшеуі бостандыққа шықты. Қалған сотталғандардың құжаттары сотта қаралуда. Рақымшылық заңы аясындағы жұмыстар заң талаптарына сай әрі жүйелі түрде жүргізілуде, – деді мекеме бастығының орынбасары.

Айта кетейік, рақымшылық заңы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 200-ден аса сотталғанға қолданылады.

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмекке қатысты түсіндірме берді

Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы конституциялық нормаларды біркелкі...

Апостиль без очередей: как цифровизация меняет систему государственных услуг в Казахстане

В условиях стремительного развития цифровых технологий Республика Казахстан последовательно...

Кезексіз апостиль: цифрландыру Қазақстандағы мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін қалай өзгертуде

Қазіргі таңда цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында Қазақстан Республикасы...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ– ӘЛЕМДІК ЭЛИТАДА: ПЕДАГОГТАР ДАЯРЛАУ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-50 ҚАТАРЫНА ЕНДІ

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті педагогикалық білім беру...