Халықтың құқықтық сауатын көтеруге атсалысу әрбір заңгердің міндеті. Осы мақсатта мақалада ҚР Қылмыстық кодексінің 44, 46 баптары түсіндіріледі. Бұл баптарға тоқталып отырғанымыз бекер емес, өйткені, кеі азаматтар бас бостандығынан шектеу мен бас бостандығынан айыру жазаларының айырмашылығын түсіне бермейтіні байқалады.
Заңға сәйкес, жаза қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалған кезде бас бостандығынан айыру мерзiмiн iшiнара немесе толық қосқан және осы кодекстің 71-77-баптарының 5-бөліктерінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi – 25, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша 30 жылдан аспайды.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы аса ауыр қылмыстар жасағандарға тағайындалады. 18 жасқа толмағандарға, әйелдерге, 63-тегі және ол жастан асқан еркектерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы берілмейді. Өмір бойына бас бостандығынан айыру кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
Бас бостандығынан айыру жазасы жасалған қылмысқа орай қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен, орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелеріндеөтеледі. Өмір бойына бас бостандығынан айрылғандар қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемелеріне жіберіледі. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда, бұрын бас бостандығынан айыруды өтеген, аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн 5жылдан аса мерзiмге бас бостандығынан айрылғандарға қылмыстардың қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн, бiрақ, 5 жылдан аспайтын мерзiмді қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіз мекемелерінде өтеу тағайындалуы мүмкiн. Үкiммен тағайындалған мекеменiң түрін өзгерту ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес жүргiзіледi.
Біз бұл баптарды неге айтып отырмыз, қылмыстың өтеуі жаза, одан ешкім қашып құтылмайды. Сондықтан, аз ғұмырда ешкімге зияныңды тигізбей, түзу жолмен жүргенге, тәуелсіздігіңді жоғалтпағанға не жетсін! Жағымсыз әдеттен, қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болу жарқын болашаққа кепілдік етеді.
Мәди Камал,
Түрксіб аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы