12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қылмыстық процесс қатысушылары тең құқылы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің (ҚПК) 9-бабымен кiнәсiздiк презумпциясы белгіленген. Осы заңдылыққа орай қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсі ҚПК-да көзделген тәртiппен дәлелденбей, сондай-ақ, соттың заңды күшiне енген үкiмi шықпай тұрып ешкімді кiнәлі деп санауға болмайды. Бұған қоса ешбір адам өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.

Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдарды қолдану барысында туындаған күмәндар күдікті мен айыпталушының, сотталушының пайдасына шешiлетіні аталған баптың 3-бөлігімен нақтыланған.  Айыптау үкiмi ешқандай да болжамға негiзделмейді. Ол нақтылықты талап етеді, яғни, жол берілетін және анық дәлелдемелердiң толықтай жиынтығымен расталуы керек.

Ешкiмдi де сол бір қылмыстық құқық бұзушылығы үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартып, соттауға болмайтыны 20-бапта көрсетілсе,  21-бап сот төрелігiн заң мен сот алдындағы теңдiк бастауларында жүзеге асыру нормасына арналған. Кеңінен түсіндіріп өтсек, қылмыстық сот iсiн жүргізуде заң барлығына теңдей қолданылады. Мысалы, адамдарды шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, сондай-ақ, тiлiне, дiни ұстанымына, наным-сеніміне, тұрғылықты жерiне байланысты бөлуге немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша қандай да бір кемсiтушiлiкке ұшыратуға тыйым салынған.

Қылмыстық сот iсi айыптаушы, қорғаушы тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы қағидаты негiзiнде жүргізіледі. 23-баптың 3-тармағына сәйкес, адамның қылмыстық құқық бұзушылықты жасаудағы кiнәсін дәлелдеу және оның өзін қорғайтын дәлелдерін теріске шығару мiндетi – қылмыстық қудалау органдарына, ал сотта іс жүргізу кезінде мемлекеттік және жекеше айыптаушыларға жүктеледi.

  Ал қорғаушының міндетіне қорғалуға құқығы бар жандарды, атап айтқанда, куәгер мен  күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталған және ақталған адамды  заңда көзделген барлық құрал мен тәсілді пайдаланып қорғау кіреді. Сот қылмыстық қудалау органына жатпайды, сондықтан, ол айыптаушы немесе қорғаушы жағында әрекет етпейді. Объективтiлiк пен бейтараптылықты сақтап, тараптардың процестік мiндеттерін орындауына, сондай-ақ, олардың өздерiне берiлген құқықтарын жүзеге асыруына қажеттi жағдайларды жасау міндеті сотқа тиесілі.

Қылмыстық процесс қатысушыларының құқықтары тең, олар Конституция, қылмыстық заңнамаға сәйкес өз ұстанымдарын тең жағдайда қорғап, қорғау тәсілдері мен құралдарын дербес таңдайды. Сонымен қатар, күдіктi, айыпталушы, сотталушы қай-қайсысы болсын өз кiнәсін теріске шығаруы немесе  мойындауы, жәбірленушімен татуласуы, процестік және медиация тәртібімен татуласуға қол жеткізу туралы келісімдерді жасасуы мүмкін. Бұдан да өзге заңдылықтар осы кодекспен белгіленген.  

Дастан Әлмағамбетов, Түрксіб аудандық сотының судьясы Алматы қаласы

ӨМІР АДАМҒА ЗОРЛЫҚҚА ШЫДАУ ҮШІН БЕРІЛМЕЙДІ

Жыл сайын Қазақстанда әйелдер мен балаларға қатысты әлімжеттік және...

Алматыда 13-ші Халықаралық қысқы мектеп мәресіне жетті

Алматыдағы «БҰҰ Плаза» ғимаратында басталған дәстүрлі 13-ші Халықаралық қысқы...

Shymbulak и курорты Евразии приняли Зеленую хартию

В рамках III Фестиваля Евразийского Альянса горных курортов (ЕАГК)...

Shymbulak және Еуразия курорттары Жасыл хартия қабылдады

Алматыда өтіп жатқан III Еуразиялық тау курорттары альянсының (ЕТКА)...

Shymbulak и курорты Евразии усиливают международное партнёрство

В Алматы подписан Меморандум о взаимопонимании между Евразийским Альянсом...