Қылмыстық істерді медиация тәртібімен реттеу

         Қазақстан Республикасының заңнамаларының нормаларымен көзделген жағдайларда қылмыстық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеуге болады.

Жалпы, дау кез келген қоғамда кездесетін құбылыс. Алайда, сол дауды реттеудің тиімді, мәдениетті тәсілі болуы керек. Ол медиация.

Медиация – тараптардың ерікті келісімі негізінде өзара қолайлы шешімге келу тәсілі, рәсімі екендігін айтып өтейік.

Егер заңда белгіленген талаптар сақталса және жәбірленуші мен күдікті (айыпталушы) татуласса, бұл қыщмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болуы мүмкін.

Алайда, медиацияны қылмыстық істердің барлық санаты бойынша қолдануға жатпайтынын ескеру қажет, яғни онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында және де сотқа дейінгі дауларды шешуге, сонымен қатар атқарушылық іс жүргізуді орындау кезінде туындайтын қатынастар бойынша қолдануға бо­лады.

Мәселен, егер тараптар арасында дауды реттеу туралы келісімге қол жеткізілсе татуластырушы судья тараптар қол қойған келісімді бекітіп, сот ұйғарымын шығарып, сонымен іс тоқтатылады.

Елімізде татуластыру рәсімдерін жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен (әрі қарай – ҚК), Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексімен (әрі қарай – ҚПК), Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексімен (әрі қарай – АПК), Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен (әрі қарай – АК), Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен (әрі қарай – ӘРПК) және Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен (әрі қарай – ӘҚБтК) қарастырылған.

ҚК 68-бабына сәйкес татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату бойынша толығырақ айтатын болсақ:

— Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.

    — Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған әйелдер, жас баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

  • Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

      — Осы баптың ережелері:

     1) азаптаулар;

     2) кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмысты кәмелетке толмаған адам он төрттен он сегізге дейінгі жастағы кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыс;

      2-1) кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты қылмысты кәмелетке толмаған адам жасаған жағдайды қоспағанда, мұндай қылмыстар;

      3) абайсызда жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) өліміне алып келген жол-көлік оқиғасын жасау жағдайын қоспағанда, абайсызда адам өліміне не екі және одан көп адамның өліміне алып келген қылмыс;

      4) сыбайлас жемқорлық қылмыс;

      5) террористік қылмыс;

      6) экстремистік қылмыс;

      7) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс;

      8) бұрын жасаған қылмысы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін ҚК-тің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде қасақана қылмыс;

      9) бұрын жасаған қылмыстық құқық бұзушылығы үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылғаннан кейін ҚК-тің 71-бабының бірінші бөлігінде белгіленген қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі ішінде ҚК-тің 108-1 және 109-1-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық;

      10) адам саудасына байланысты қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.

Медиацияға қатысу ерікті болып табылады. Яғни, оған қатысу немесе одан бас тарту ұқығы әрбір тарапқа тиесілі.

             Қазіргі кезде татуласу, бітімгершілік рәсімінің аясын кеңейтуге, халықтың дауды сотқа дейін реттеуге қызықтыруға, қоғамдағы шиеленістерді азайтуға, төмендетуге оң ықпал ететін «Медиация туралы» заңы қарқынды жалғасын табуда.

ҚР Заңнамалардың талаптарына сәйкес татуластыру рәсімдерін жүргізу — тараптар сотқа жүгінген уақытта азаматтық, қылмыстық, әкімшілік пен әкімшілік рәсімдік істерді өндіріске қабылдау және қарау кезінде де жүргізіліп жатқан өндірістің кез-келген сатысында келісіммен аяқтай алады деген сөз.

Ал қылмыстық процесс барысында медиацияны жүргізу кезінде тараптар арасындағы дауды реттеу туралы келісім жәбірленушіге келтірілген залалдың орнын толтыру және қылмыс жасаған тұлғаның жәбірленушімен татуласу жолымен реттелген келісімді білдіреді.

         Өкінішке орай, қазіргі таңда қоғамымызда жасөспірімдер арасында да қылмыстар көп орын алуда. Мәселен, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен 2026 жылдың 6 айында барлығы 37 қылмыстық іс қаралса, оның ішінде 13 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші мен сотталушының татуласуларына байланысты қылмыстық іс тоқтатылған. Яғни, сотталушы жәбірленушіге келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс тоқтатылған.

Қорытындыласақ, қандай болмасын туындаған дауды бітімгершілікпен (медаиция, сот медиациясы, билер кеңесі арқылы) аяқтаудың қоғамда мейлінше кең тарауы, әділетпен ұштасқан екі жаққа да жағымды және тиімді қанағаттанарлық шешім болуының кепілі десек артық болмас.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айнұр Тәжібайқызы Бекболатова.

Қазақстанда жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері ғылыми деңгейде талқыланды

Алматы қаласында Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT Университетінің базасында «Қазақстан...

Жаңа Конституция – әділетті қоғамның берік негізі

Конституция – мемлекеттің құқықтық жүйесінің өзегі, ел дамуының стратегиялық...

Сексеуіл тарихи вокзалы заманауи жайлылық пен қауіпсіздік талаптарына сай жаңғыртылды

Қызылорда облысындағы Сексеуіл теміржол вокзалының реконструкциясы аяқталды. 1904 жылы...

Жаңа Ата заң: жаңару кезеңі және болашағы

Жаңа Ата заң – мемлекеттің құқықтық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың...

Елордада «Болашақ ойындары» аясындағы Дүниежүзілік фиджитал саммиті басталды

Астанада «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорт турнирі аясында өтіп жатқан...