ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Жанарбек Садықанұлы мен Нұргүл Тау бастаған коалиция мүшелерінің іс-сапары Жалағаш ауылдық округінде жалғасын тапты.
Кездесу барысында референдумның маңызы, ұсынылып отырған өзгерістердің мәні мен қоғамға тигізер әсері жан-жақты түсіндірілді. Аудан тұрғындары өз сауалдарын қойып, ашық пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды.
Түсіндіру жұмыстары барысында әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымының маңыздылығы атап өтілді. Ел болашағына қатысты маңызды шешімдерде халықтың дауысы шешуші рөл атқаратыны жеткізілді.



