2025 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің 64-мекемесінде Астана қаласының күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Концертті шаруашылық қызмет көрсету жасағының сотталғандары ұйымдастырды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, елордамыз — Астананың тарихы мен сұлулығына арналған музыкалық қойылымдар мен өлеңдер орындады. Концерт бағдарламасы ерекше жылы атмосферасымен, патриоттық рухымен және еліміздің бас қаласына деген құрмет пен сүйіспеншілікті шынайы жеткізуімен ерекшеленді.