Қорғаныс министрі із-түссіз кеткен тікұшаққа байланысты пікір білдірді

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Әуе қорғанысы күштерінің жоғалған EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов Сорбұлақ көліндегі іздеу жұмыстары барысынан хабардар етті.

«Іздеу жұмыстарына су асты рельефі мен түбінің шөгінді, су лай болуы кедергі келтіріп отыр. Алайда 25 шілдеде жоғалып кеткен Әуе қорғаныс күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздеу құтқару операциясы күндіз де, түнде де тоқтамайды», — деді әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесті. Министр оларға қолдау білдіріп, операция тәулік бойы жалғасатынын, барлық ресурс жұмылдырылғанын және әскерилер жолдастарын табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

«Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз. Жақын туыстарына жан-жақты қолдау көрсетіледі, күн сайын байланыстамыз. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау және жоғалғандарды табу үшін бар күшімізді саламыз», – деді қорғаныс министрі.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, жоғалғандардың туыстары іздеу тобының құрамында Сорбұлақ көлін айналып өтіп, әуеден су түбін көру мүмкін еместігіне көз жеткізген.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Іздестіру операциясына 400-ден аса адам, кинологиялық топтар, 70-тен аса жерүсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, суасты сканерлеу құралдары жұмылдырылған.

Еске салайық, бұған дейін жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылғаны хабарланды. 

Салық кодексі тағы өзгереді: үкіметте қандай түзетулер талқыланып жатыр?

Үкіметте Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе жұмысының алдын ала қорытындысы қаралды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.