ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫНЫҢ ТҮЗЕЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ

2025 жылы 10 қаңтарда ел Президенті Қ.Тоқаев «Қазақстан Республикасының Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Енгізілген толықтырулардың барлығы бір мезгілде емес, əртүрлі уақытта қолданысқа енеді.

Толықтырудың бірі кодекстің 41-бабына қатысты. Яғни «əкімшілік жаза түрлері» деген бапқа 7-1 тармақ енгізілді. Ол 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі. Осыған орай, кодекс 914-1- баппен (Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысын орындау) толықтырылды. Яғни, адамды қоғамдық жұмыстарға тарту сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін орындалуға жатады. Қоғамдық жұмыстарға тарту туралы заңды күшіне енген сот қаулысын, сот əкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның тұрғылықты жеріндегі жергілікті атқарушы органға орындау үшін жібереді. Қоғамдық жұмыстардың түрлерін жəне қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды. Жергілікті атқарушы органдар сот қаулысы келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқық бұзушыны шақырып, оның жеке деректерін толтырады. Осыдан кейін құқық бұзушыға қоғамдық жұмыстарды орындау тəртібі мен шарттарын түсіндіреді. Сот қаулысы келіп түскен кезден бастап, үш жұмыс күні ішінде, ішкі істер органдарына оның орындауға қабылданғаны туралы хабарлама жібереді, əрі ұйымға қоғамдық жұмыстарды орындау үшін адам жіберілетіні туралы хабарлама жібереді. Қоғамдық жұмыстарды орындау графигі мен кезеңділігін жасау, құқық бұзушының қоғамдық жұмыстарды орындаудан жалтару фактісі анықталған кезден бастап, дереу ішкі істер органдарын хабардар ету де жергілікті атқарушы орган құзырында. Бұдан бөлек, жауапты құрылым адамды қоғамдық жұмыстарға тарту туралы сот қаулысы орындалған кезден бастап, үш жұмыс күні ішінде сотқа хабарлама жібереді. Ал ішкі істер органдары хабарлама түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде хабарламаны қарайды жəне осы кодексте белгіленген тəртіппен шаралар қабылдайды. Қоғамдық жұмыс ұсынатын ұйым өз кезегінде азамат орындаған жұмыстардың актілерін жасап, жұмыс істеген сағаттар табелін жүргізеді. Сонымен бірге қоғамдық жұмыстардың орындалуы туралы есепті тоқсан сайын жергілікті атқарушы органдарға ұсынады. Қоғамдық жұмыс түріндегі əкімшілік жаза қолданылған адамның да жауаптылығы айқындалған. Олар кодексте белгіленген шарттар мен тəртіпті сақтауға; жергілікті атқарушы органдар ұйымдастыратын қоғамдық жұмыстарды орындауға; тұрғылықты жерінің өзгергені туралы жергілікті атқарушы органдарды хабардар етуге міндетті. Қоғамдық жұмыстың ұзақтығына адамның қоғамдық жұмыс орнына бару мен кері қайту уақыты кірмейді. Бұл жаза құқық бұзған адамдар үшін жазасын өтеудің тиімді жолдарының бірі болады деп санаймыз. Себебі, айыппұл түріндегі жазаны көптеген құқық бұзушылар табыс көзінің болмауына байланысты өтей алмауда. Ол өз кезегінде құқық бұзушыны əкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болады. Яғни, құқық бұзушының жағдайын одан сайын қиындатады. Қоғамдық жұмыстың аты айтып тұрғандай қоғамға да пайдасы бар əрі құқық бұзушының жазасын өтеуіне, түзелуіне, қайта құқық бұзушылық жасамауына ықпал етеді деп сенеміз.

И. ДОСЕТОВ, Ақтау қаласы əкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.