12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудегі сот жүйесінің рөлі

Құқықтық мемлекет құру жолындағы басты құндылықтардың бірі — заң үстемдігі. Қоғамдағы тұрақтылық пен әділеттілік ең алдымен заңға деген құрметке негізделеді. Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясының орнығуы, ең алдымен, сот жүйесінің тиімді, әділ және тәуелсіз қызметіне тікелей байланысты. Заң үстемдігі орныққан мемлекетте азаматтардың құқықтары қорғалып, қоғамдық тәртіп сақталады. Осы үдерісте сот жүйесі тек дауларды шешетін орган ғана емес, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын қалыптастыратын негізгі институт ретінде ерекше рөл атқарады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот билігі — мемлекеттік биліктің дербес тармағы. Оның басты миссиясы — адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңды мүдделерді қалпына келтіру, әділ сот төрелігін жүзеге асыру.

Сот төрелігінің түпкі мақсаты — азаматтардың заңға және мемлекетке деген сенімін нығайту. Бұл қағида сот жүйесінің қызметі қоғам үшін қандай мәнге ие екенін айқын көрсетеді. Әділ сот — заңға деген сенімнің өзегі.

Соттың әрбір шешімі тек нақты істі шешіп қана қоймай, қоғамға құқықтық бағдар бере алады. Бұл азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырып, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіреді. Себебі заң үстемдігі – сот төрелігінің басты бағдары болып табылады.

Сот тәжірибесінің негізгі ұстанымы баршаға бірдей қолдануында. Заңбаршаға бірдей қолданылған жерде ғана әділет орнайды.

Осыған орай, соттардың ашықтығы мен жариялылығы да заң мен тәртіп идеологиясын нығайтуға тікелей әсерін тигізеді. Ашық сот отырыстары, сот актілерінің қолжетімділігі, процестік теңдік қағидалары азаматтардың сотқа және жалпы құқықтық жүйеге деген сенімін арттырады. Себебі, ашықтық пен жариялылық – қоғамдағы сенімнің негізі.

Сот төрелігінің ашықтығы — құқықтық мемлекеттің ажырамас белгісі. Ашық сот отырыстары, процестік теңдік, сот актілерінің қолжетімділігі азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, сотқа деген сенімді күшейтеді. Ашық сот — әділ соттың басты кепілі. Бұл орайда, сот жүйесінің қоғаммен ашық диалог орнатуы заң талаптарын түсіндіруге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және құқықтық мәдениетті көтеруге ықпал етеді.

Сот төрелігінің тағы бір маңызды қыры — оның алдын алу және тәрбиелік функциясында. Әділ сот шешімі — құқық бұзушылықтың алдын алудың ең тиімді құралы. Бұл ұстаным да сот шешімдерінің тек жазалау емес, тәрбиелік маңызға да ие екенін көрсетеді. Себебі, сот актілері арқылы заң нормаларының мазмұны ашылып, олардың іс жүзінде қалай қолданылатыны айқын көрсетіледі.

Сотқа деген сенім — құқықтық тәртіптің іргетасы. Сондықтан судьялардың кәсібилігі, әдебі мен жауапкершілігі заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудің шешуші факторлары болып табылады.

Қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі де сотқа деген сеніммен өлшенеді. Заң бұзушылықтар үшін әділ әрі бұлтартпас жауаптылықтың болуы қоғамда тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастырады.

Әділ әрі бұлтартпас жауаптылықтың болуы қоғамда нақты келесідей тәртіпті белгілейді:

«Заң бұзушылық жазасыз қалмайды».

Бұл қағида құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заң шеңберінде әрекет етуге ынталандырады. Әсіресе жария резонанс тудырған істер бойынша қабылданған сот шешімдері қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше ықпалға ие болатыны айқын.

Сотқа деген сенім – құқықтық мәдениеттің өлшемі

Егер сот әділ, тәуелсіз және бейтарап болса, азаматтар өз құқықтарын қорғау үшін күш қолдануға емес, заңды жолға жүгінеді. Себебі, қоғамдағы құқықтық мәдениеттің деңгейі азаматтардың сотқа деген сенімімен тікелей байланысты. Егер азамат сотты әділ, тәуелсіз және кәсіби институт ретінде қабылдаса, ол өз құқығын қорғау үшін тек қана заңды жолды таңдайды.

«Сотқа сенім бар жерде — тәртіп бар».

Осы тұрғыдан алғанда, судьялардың кәсібилігі, әдебі мен бейтараптылығы заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудің шешуші факторлары болып табылады. Судьяның ішкі сенімі мен заңға ғана бағынуы қоғам үшін әділдіктің нақты көрінісі ретінде қабылдануына орасан зор әсерін тигізеді.

Сот жүйесі қоғамдағы заң мен тәртіптің негізгі тірегі болып саналады. Оның әділ әрі ашық және тиімді қызметі заң үстемдігін нығайтып, азаматтардың құқықтық санасын арттырады, құқықтық мемлекеттің негізін қалайды. Бұл өз кезегінде қоғамдық тұрақтылық пен сенім, және әлеуметтік әділеттіліктің кепіліне айналады.

Соттардың тәуелсіздігі мен бейтараптығы заң мен тәртіп идеологиясын нығайтудың басты кепілі болып табылады.

Заң үстемдігі — күштің емес, құқықтың үстемдігі, мемлекеттің тұрақты дамуының басты шарты. Осы қағиданы өмірде жүзеге асыруда сот жүйесінің рөлі айрықша және шешуші стратегиялық маңызға ие.

Алматы гарнизонының

Әскери сот әкімшісінің бас маманы

Балжан Серікбайқызы Бекболатова

Реформалардың мәні – 5: Ықпалды Парламент

Бұған дейінгі мақаламызда Президент реформаларының маңызына кеңінен тоқталып, орталықсыздандыруды...

Негізсіз баю және оны заң аясында өндіріп алу

Қоғамда азаматтар мен ұйымдар арасында мүліктік қатынастар жиі кездеседі....

Соттағы татуласу рәсімдері: дауды бейбіт жолмен шешу мүмкіндігі

Қазіргі уақытта сот жүйесінде дауларды бейбіт жолмен шешу әдістері...

Взыскание алиментов в твердой денежной сумме в Республике  Казахстан

ВведениеВ Республике Казахстан право ребенка на материальное обеспечение закреплено...

Административные дела с участием несовершеннолетних: профилактика и защита прав

В Республике Казахстан особое внимание уделяется рассмотрению административных дел...