ҚАЖ қызметкерлері сотталғандар арасында спорттық іс-шара ұйымдастырды

Абай облысында қауіпсіздігі аралас мекеме қызметкерлері сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету және олардың оңалту процесін қолдау мақсатында спорттық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында сотталғандар арасында бірнеше спорт түрінен жарыстар өткізілді. Оған барлығы 65 сотталған қатысып, қол күрес, футбол, арқан тартыс, гір көтеру және турникке тартылу секілді спорт түрлерінен өзара күш сынасты. Бұл жарыстар сотталғандардың физикалық дайындығын арттырып қана қоймай, командалық рух пен тәртіпті нығайтуға септігін тигізді.
Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді және оларды қоғамға қайта бейімдеу процесінің маңызды бір бөлігі болып табылады-дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов
Іс-шараға белсенді қатысқан сотталғандар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен шағын сыйлықтар табысталып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру көзделді.

Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта да спорттық және мәдени іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ.

         Дауларды шешудің тиімді жолы

      Медиация, бітімгершілік, татулық келісімімен, яғни, басты мақсаты – екі...

Символ традиций в экоисполнении: в Алматы показали седло из переработанных материалов

На площади перед выставочным центром «Атакент» прошел масштабный фестиваль...

Методы разные, а результат один

В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ ЗАФИКСИРОВАНЫ НОВЫЕ СЛУЧАИ ТЕЛЕФОННОГО И ИНТЕРНЕТМОШЕННИЧЕСТВА,...

Когда домбра – часть жизни 

ИМЯ ЮНОГО ДОМБРИСТА ИЗ КОКШЕТАУ АБЫЛАЙХАНА САМАТА ИЗВЕСТНО ДАЛЕКО...

Современные немецкие технологии 

В ЗЕРЕНДИНСКОМ РАЙОНЕ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ БЛИЗИТСЯ К ЗАВЕРШЕНИЮ СТРОИТЕЛЬСТВО...