ҚАЖ қызметкерінің анасына құрмет көрсетілді

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 79 түзеу мекемесінің бастығы өзінің адал қызмет атқарып жүрген қызметкерінің отбасына ерекше құрмет көрсетті. Ол денсаулығына байланысты үйінде ем қабылдап жатқан қызметкердің анасына арнайы барып, алғыс хат табыстады.

Мекеме қызметкері бірнеше жылдан бері өз ісіне адал, жауапты, тәртіпті маман ретінде танылып келеді. Оның мемлекеттік қызметке деген жанашырлығы мен кәсіби шеберлігі басшылық тарапынан жоғары бағаланды. Сол еңбектің өтеуі ретінде мекеме бастығы анасына алғыс білдіріп, шаңырағына барып жылы лебізін жеткізді.

Алғыс хатта анасының тәрбиесі мен қызының қызметтегі табандылығы ерекше аталып өтті.
«Сіз тәрбиелеген қызыңыз қоғам алдындағы абыройлы міндетін адал атқарып жүр. Осы жолда оның еңбегіне жоғары баға береміз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз», – делінген алғыс хатта.

Мұндай қамқорлық пен ілтипат қызметкерлерге рухани серпіліс беріп, олардың отбасына деген құрметтің үлгісін көрсетеді. Бұл – қылмыстық-атқару жүйесіндегі адамгершілік қағидаттардың нақты көрінісі.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ: СОТ ӘДІЛДІГІНІҢ САПАСЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ФАКТОР

Құқықтық мемлекет құру жолында тіл мәселесі екінші кезектегі емес,...

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18 наурыз – «Ұлттық киім» күніне орай «Ұлттық киім...

Мемлекеттік тіл — мемлекеттік қызметте

Мемлекеттік тіл – татулық тірегіТілден биік асқар жоқ,Тілден асқан...

Сот жүйесіндегі цифрландыру: тиімділік пен жауапкершілік

     Қазіргі таңда қоғамның барлық саласында цифрландыру үрдісі қарқынды...

ДЕПУТАТСКИЙ ЗАПРОС

Уважаемая Аида Галымовна! Как Вам известно, 30 января 2026 года...