12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАЗАННАН ҚАҚПАҚ КЕТСЕ…

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Бүгінде елімізде қанша қаржы бөлінсе де, жөнделуден, салынудан кенде болмаса да, оңалмай қойған жолдар жайлы осылай демеске шара жоқ. Өйткені, экономикадағы байланыстарды қамтамасыз ететін, азаматтардың мобильділігін арттыратын және өңірлердің орнықты дамуын қолдайтын осы маңызды тетіктер қадағалаудың, бақылаудың талапқа сай болмауынан күйі келмеуде. Әсіресе, өңірлерді бір-бірімен жалғайтын ұзындығы шамамен 70 шақырымға тең жол дер кезінде олқылығын көрсетіп, тәйт дейтін бір пәрменнің болмауынан тозып кеткен.

Мәселен, жолдарды жөндеуге барлық өңірлер үшін бірыңғай тәсілдердің қолданылатынына қарамастан, облыстар бөлінісінде олардың жай-күйінде айтарлықтай алшақтық бар. Мысалы, егер Жамбыл облысында жолдардың 99 пайызы нормативтік жағдайға сай болса, Батыс Қазақстан облысында бұл көрсеткіш 2 есе төмен. Қолданыстағы заңнамада мұндай фактілер үшін қадағалау қызметіне ықпал ету шаралары қарастырылмаған. Бұл Парламент Сенатында өткен «Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын салу және пайдалану: ағымдағы жай-күйі, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Үкімет сағатында белгілі болды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, жергілікті жолдардың 89 пайызы нормативтік деңгейге сай. Шын мәнінде бұл көрсеткіш нақты жағдайдан алшақ. Мұның маңызды себептерінің бірі қадағалау шараларының әлсіздігінде. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы соңғы 5 жылда жұмыс жүргізу объектілерінде техникалық қадағалау қыз­меттері болмауының 500-ден астам фактісін анықтапты. Нақты жағдайды анықтау және жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың оңтайлы тетігін әзірлеу үшін жергілікті жолдардың барлық учаскелеріне диагностика мен паспорттаудың жүргізілмейтіні тағы бар. Осының салдарынан ең проблемалы учаскелер мен ақаулар толыққанды анықталмай, олардың сипатына сай жөндеу түрлері, сондай-ақ қызмет ету мерзімін болжау жүргізілмейді. Мұны сенаторлар өздері өткізген жергілікті халықпен кездесу және талдау, сараптау жұмыстары барысында айқындапты. Өңірлер бөлінісінде барлық деңгейдегі автомобиль жолдарының жай-күйінің сенімді деректері бар бірыңғай базасы болуы тиіс болса, бұған да әлі күнге қол жетпей келеді.
Күні бүгінге дейін диагнос­ тика тек республикалық маңызы бар автожолдарда толық көлемде жүргізіледі. Сенаторлардың осыдан екі жыл бұрын өңірлерді дамыту жөніндегі Парламенттік тыңдауының қорытындысы бойынша Үкіметке ұнамаған жолдарды паспорттауды жүргізу үшін жасаған ұсынысы ескерусіз қалған. Мұның негізгі себебі қазіргі уақытта автомобиль жолдары саласындағы техникалық қадағалауды реттеуге қатысты функция­лар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­ шылық істері комитетінің қарауында болуы. Ал, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу сапасын арттыру үшін бұл функциялар Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің еншісінде болуы қажет. Бұл ағымдағы жағдайды анықтау және жөндеу жұмыстарын қаржыландырудың оңтайлы механизмін әзірлеу үшін маңызды.

Сараптама бөлігіндегі кадрлардың тапшылығы да жолдың жайына өз әсерін тигізуде. Сенаторлар анықтаған бір олқылық – осы. Жиында баяндама жасаған сенатор Әлібек Нәутиевтің айтуынша, техникалық қадағалау сарапшыларының тиісті жол білімі жоқ. Жұмыс
берушілер кадрлардың біліктілігін арттырғысы келмейді. Жолдарды дұрыс пайдалану мен күтіп ұстау да талапқа сай емес. Қаржыландырудың 80 пайыздан астамы жолдарды салуға, жөндеуге және реконструкциялауға бағытталады. Ал, оларды күтіп ұстауға нормативтік қажеттіліктің төрттен бірінен аспайтын қаржы бөлінеді екен. Осы жағдай жолдардың мерзімінен бұрын бұзылып, қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкелуде. Бұған рұқсат етілген көрсеткіштерді бұза отырып, ауыр салмақты көліктердің жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарымен жүруі де өз әсерін тигізуде. Бұл мәселенің шешімі автоматтандырылған өлшеу станцияларын іске қосу болса, бұл да назардан тыс қалып келеді.
Жоғары аудиторлық палата мәліметі жүйедегі дұрыс емес деректер мен техникалық ақауларға байланысты автоматтандырылған өлшеу станциялары жұмысының кей кезде тоқтап қалатынын айтады. Бұл ретте станциялардың құны шамамен 2 млрд теңгені құраса, оларды ұстап күтуге жұмсалатын қаражат көлемі 617 млн теңгеден асады.
Жергілікті бюджеттер есебінен автоматтандырылған өлшеу станцияларын орнатуды қаржыландыру және оларды одан әрі ұстау күрделі болып тұр. Демек, станцияларды
орнату мәселесін қажетті мөлшерде шешу және осы жүйенің дұрыс жұмысын тұрақтандыру қажет. Жол-құрылыс материалдарының жетіспеушілігі мен сапасы да автомобиль жолдарының жай-күйіне ықпал етуде. Бұл ретте ең алдымен, битуммен қамтамасыз ету
қажеттігі алға шығады. Битум нарығы сұраныстың маусымдық өзгеруімен сипатталады, яғни қыста тұтыну азайып, жазда күрт артып, бұл көрсеткіш айына 150 мың тоннаға жетеді. Ал жұмыс жасайтын битум зауыттарының жиынтық қуаты айына шамамен 100 мың тоннадан аспайды. Соның салдарына жаз айларында оған сұраныстың артуымен, бағасы да өседі. Мұның шешімі битумды сұраныс пен баға айтарлықтай төмен болған кезде, яғни қыста сатып алу. Бұл маусымдық ауытқуды «тегістеу» үшін битум қоймаларын салу керек.
Асфальтбетон зауыттарына инспекция жүргізген Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының
мәліметінше, 211 тексерілген зауыттың тек 82-сі ғана сапалы өнім шығаруға қабілетті. Осыған орай, нормативтерге сәйкес келмейтін жол-құрылыс өнімдеріне жол бермеу шараларын қабылдау қажет.
Тағы бір мәселе автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік нормативтерге қатысты. Қазіргі уақытта автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік нормативтерді әзірлеумен Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты айналысады. Онда автомобиль жолдары саласында жеткілікті ғылыми қызметкерлер жоқ. Бұл жұмысты негізінен тек өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс қызметкерлері жүргізеді.
Сондай-ақ, жол-құрылыс материалдары мен жол технологияларын сынауға арналған сынақ полигондары мен зертханалық жабдықтар да болмай тұр. Бұл орайда нормативтік құжаттарды қайта қарау немесе оларға өзгерістер енгізудің 1,5-2 жылға жуық ұзақ рәсімнен
өтіп, жол құрылысына жаңа материалдар мен технологияларды қолдануды кешеуілдетудің салдары бар. Сондықтан автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және күрделі жөндеу саласындағы мемлекеттік нормативтерді бекіту жұмыстарын да Автомобиль жолдары
комитетіне беру қажет. Осы мәселелер шешілуі үшін алдымен тиісті заңнамаға қысқа мерзімде түзетулер енгізілуі қажет.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,
«Заң газеті»

Мемлекеттік органдардағы жұмыс уақыты режимінің сақталуы бойынша

           «Жұмыс уақыты» ұғымы мемлекеттік қызметші жұмыс берушінің актілеріне...

ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУ: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ШЕҢБЕРІНЕН ТЫС ЖҰМЫСЫ

Еңбек заңнамасын сақтау – мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігінің негізі....

Абай Құнанбайұлы — қазақ руханиятының шамшырағы

2025 жылы қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай...